Сабақ тақырыбы | Інім мультфильм көреді |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау |
2.2.5.1.тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау | |
2.2.4.1.оқиға желісін сақтай отырып ,таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау | |
Сабақтың мақсаттары: | Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды. |
Көбі: мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды. | |
Кейбірі: таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды. | |
Күтілетін нәтижелер: | Тақырыпқа қатысты берілген қарапайым сөйлеу үлгілерін оқиды,қайталайды,інісінің қандай мультфильм көретінін айтады. |
Жаңа сөздер | Ертегі,мультфильм көреді,қызықты |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдттар, «Еріншектер елінде» мультфилімі,мультфильмдердің бөліктері берілген кеспе қағаздар,парақшалар,смайликтер |
Оқыту әдістері: | Түсіндіру,сипаттау,талдау,диалог, «Мен Жұлдызбын» тренингі,диалог, «Аквариум»тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі,сергіту жаттығуы |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырмалар
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Оқушылармен амандасып,түгендеу.Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Мен Жұлдызбын» тренингін өткіземін | Оқушылар екі қатарға тұрады.Екі қатардың ортасынан өзіне ұнайтын мультфильм кейіпкері түрінде (Алдаркөсе,Том иДжерри,Мики Маус,ДональдДак,Дара,тб қол бұлғап амандасып өтеді. |
Өткен сабақты тексеру | Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатамын.Кемшіліктерді анықтап, түзетемін, бағалаймын. | Тапсырманы айтады, тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді. |
1.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Еріншектер елінде» мультфилімнен үзінді көрсетемін..Ой шақыру мақсатында сұрақтар қоямын.-Блалар сендер қандай мультфильмдер көрдіңдер? Мультфильм не туралы? Мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма? Қандай мультфильм көресіңдер? Қай кейіпкер сендерге ұнайды. | Тыңдалым.Оқылым. Мультфильмді көреді,айтқан сөздерін тыңдайды, Сұрақтарға жауап береді. |
2.Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Оларды оқимын, оқушыларға қайталатамын. | Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды. |
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. | |
2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатамын. Сөздердің мағынасын түсіндіремін. | Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды. | |
3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатамын. | Оқылым. Мәтінді оқиды. | |
Ә) Айтылым.. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатамын.
Б) Жазылым.Оқулықтағы 3- тапсырманы орындатамын. | Айтылым.Сұрақтарға жауап береді.
Жазылым.Сөйлем құрап жазады. | |
4. Сергіту сәті.Оқушыларға мультфильмдердің бөліктері берілген кеспе қағаздар таратамын. 5 «Кел жаттығайық» айдарымен берілген өлеңді оқиды, мәнерлеп оқуға машықтандырамын. | Кеспе қағаздардан мультфильмдерді құрайды. Айтылым. Өлеңді тыңдайды.мәнерлеп оқиды. | |
3. Ой толғаныс | «Аквариум» тәсілі бойынша «Менің сүйікті мультфилімім» тақырыбында диалог құрайды. | Айтылым.Екеуара бірігіп,диалог құрайды. |
4. Бекіту | Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатамын. | Айтылым.Диалог құрайды. |
Ә) «Есте сақта!» айдары бойынша берілген сөздерді жаттайды. | Берілген сөздерді жаттайды, қайталайды. | |
5. Бағалау | Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратамын. | Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін,сөйлемдерін параққа жазады. |
6. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4- тапсырманы орындатамын. |
|
7. Рефлексия | Түрлі смайликтер таратып беремін. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді. |