Пәні: Сауат ашу (1) Ұзақ мерзімді жоспар: Мектебіме саяхат Н дыбысы мен әрпі
Күні: 08.10.2019ж
Сынып: 1
| Мектеп: №140 қазақ орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Галина
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
| |||
Сабақтың тақырыбы | Н дыбысы мен әрпі
| |||
Оқу мақсаты | 1.1.2.1. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтатынын анықтау. 1.2.9.1. Әріп тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2. Оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін коллиграфиялық талаптарға сай жазу.
| |||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Н әрпін таниды, ажыратады, оқу түрлерін қолданады. Көптеген оқушылар: Буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды, әңгімелей алады. Кейбір оқушылар: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды, коллиграфиялық талапқа сай жазады.
| |||
Бағалау критерийлері | Әріптің баспа түрінен жазба түрін ажыратады. Дыбыс түрлерін ажыратады дыбыспен сәйкестендіреді.
| |||
Құндылықтарды қалыптастыру | Ұлттық құндылықтарға, ынтымақтастыққа қалыптастыра отырып тәрбиелеу.
| |||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, дүниетану
| |||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта
| |||
Бастапқы білім | Н әрпіне дейінгі әріпті біледі. Дыбыстық талдау жасай алады, көркем жазады.
| |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған іс – әрекеті
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Психологиялық ахуал. Біз бақытты баламыз, Оқып білім аламыз. Әріптерді үйреніп, Білімді бала боламыз. Оқушылар ортадағы себеттен өздеріне ұнаған гүлдердің түстерімен үш топқа топтасады.
МТ-тыңдалым Балалар біздің бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан өзгеше. Себебі бізге ғаламшардан Негеш келді. Негеш өздерің сияқты 1-сынып оқушысы. Ол бәрін сендерден білгісі келеді. Неге? Неліктен? Не үшін? деген сұрақтарды көп қояды, сондықтан ол Негеш аталып кеткен. Негеш сендерден мына сұрақтардың жауабын табу үшін көмек сұрайды. «Дүниеде ең жақын адам кім?», «Ең қажетті ас қалай аталады?» Ана, нан Осы сөздердің ішінен қай дыбысты өттік. (А дыбысын) Енді бүгінгі өтетін тақырыбымыз Н дыбысы мен әрпі. Күтілетін нәтиже: Н дыбысын таниды, жазады, оқиды. Енді Н дыбысын айтып көрейік н-н-н қалай айтылады екен. Созылып айтылуға келмиді, қысқа айтылады. Ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Демек бұл қандай дыбыс. Дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз. Н дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Нар,ана,нан Балалар Негеш сендерді бақылап отыр. Алдымен Н әрпін ауада жазайық. Жұмыс дәптеріне н әрпін үзік элементтер арқылы жазады. Болған топ қаламсаптарын көтеру арқылы белгі береді. Қ.Б. Топтар бір-бірін бармақ арқылы бағалау. Кері байланыс: Мадақтау Белсенді оқу. «Ана» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Нан сөзіне сөйлем құра, дыбыстың орнын анықта. «Нан» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қ.Б. Шапалақ арқылы. Кері байланыс: Мадақтау Сергіту сәті. Ж.ж. «Кім зерек» дидактикалық ойын. Суреттер атауларын ата. Буынға бөл, буын санын анықта. Мыс: Найзағай, нар, нота, банан. Қ.Б. басбармақ арқылы. Кері байланыс: Мадақтау |
Гүл
Негештің келуі
суреттер
видеоролик
дәптермен жұмыс
| ||
Сараланған тапсырма | Мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушыларға: Берілген суреттің атауын ата. Н дыбысын анықта. Барабан, айна, қант. Мұғалімнің көмегін орташа қажет ететін оқушыларға: Нан қалай жасалады? Әңгімеле. Мұғалімнің көмегін қажет етпейтін оқушылар: Нан не үшін қажет? ( сыни сұрақ) Қ.Б. шапалақ Кері байланыс: Мадақтау Негештің тапсырмасы. Қалыптастырушы бағалау тапсырма. Суреттерді мұқият қара. Атауларын ата. Н дыбысы кездесетін суретті тап, сәйкестендір.
Н
|
суреттер
| ||
Сабақтың соңы | Дескриптор: Суреттегі бейненің атауын атайды. Н дыбысы бар сөзді табады, сәйкестендіреді. Орнын анықтайды.
Рефлексия: Ғаламшарға жұлдызшалар жапсыру.
Мұғалімнің қорытындылауы. Бүгін қай дыбыспен таныстық? Бізге қонаққа кім келді? Н дыбысы қандай дыбысқа жатады? Н қандай текшемен белгілейміз?
|
|