Жағымсыз эмоция және мінез-құлық
Тақырыбы: Жағымсыз эмоция және мінез - құлық.
Мақсаты: топ оқушылары арасында өзара жағымды қарым - қатынас орнату, басқаның қайғысы мен қуанышына ортақтаса білуге, эмоциясы мен мінез - құлқын меңгере білуге үйрету.
Әдістері: топтық пікірталас, ойындар, медиативтік техникалар.
Міндеттері:
5. Стресске қарсылықты күшейту;
6. Өзін сенімді сезіну дағдысын қалыптастыру;
7. Эмоционалды - ерік сферасын дамыту;
8. Ішкі күштерге негізделген өздік бақылау дағдысын күшейту;
Құралдар: әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, тест, әдістемелер бланкі.
Жоспары:
І. Кіріспе. «Эмоцияны қалай басқаруға болады?».
ІІ. Жаттығулар орындау: 1. «Менің бет - әлпетім»
2. «Мені қайтала».
3. «Көңіл - күй тестісі».
ІІІ. Қорытынды. Жаттығу «Өз құндылықтарым мәлімдемесі».
Өту барысы:
І. Психолог: «Жағымсыз эмоцияларды қалай жоюға болады? Сені түсінетін және бөлісетін достар арасында өз жағдайыңды жайып салу арқылы жағымсыз эмоцияны жоюға болады. Егерде сен жалғыз болсаң, өз ашуыңды бір затты қатты жұмарлау, ұру арқылы бәсеңдетуге болады. Ашу күші иық бұлшық еттері мен қолдың жоғарғы жағы, саусақтарға жиналады. Кез - келген дыбыс шығару арқылы жағымсыз күштің бәрі тамаққа жинақталады.
Ең толыққанды жаттығуды спорттың кез - келген түрімен айналысу
арқылы аламыз. Сондықтан нағыз спортшылар тек дене ғана емес, сонымен бірге рухани денсаулығы жақсы болады.
Адамға табиғат та жақсы әсер етеді. Орманда серуендеу, өзеннің жылжып ағуы немесе көлдің байсалды айдыны, ормандағы дыбыстар мен иістер ең қиын сәттерде де рухани теңдік пен жұмыс қабілетін оята алады.
Ырғақты кезектесіп тыныс аламыз. Қатарынан 3 - 4 рет қысқа дем шығарамыз, сосын дәл сондай қысқа дем аламыз. Осының арқасында терең дем алғанда миға баратын импульстар бәсеңдейді, ал бұл стресстік жағдайда өте маңызды.
Табиғат миымызға психикалық ауырлықтардан қорғанудың керемет құралын берген, олар күлкі мен жылау. Күлкі жүйке жүйесінің қорғанышының өздік түрі болып табылады. Оның мүмкіндігі қысқа дем шығару серияларының мүмкіндігімен пара - пар. Ал бұл қауіпті импульс ағындарына бөгет болады. Енді, эмоциялық күшті түсіруге арналған бірнеше жаттығулар орындаймыз. Бұл жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері біріккен. 1. Саусақтарымызды жұмылдырыққа жинаймыз, басбармағымыз ішке бүгілген болу керек. Демімізді жай сыртқа шығарып, асықпай жұмылдырығымызды күшпен қысамыз. Сосын жаймен жұмылдырығымызды босата отырып, дем аламыз. Енді бұл жаттығудың тиімділігін еселеу үшін көзімізді жұмып жасаймыз.
2. Екі грек жаңғағын алып, алақанымыздың әрқайсысында айналдырып, шеңбер қозғалысын жасаймыз.
3. Ең кіші саусағымыздың басына жай массаж жасаймыз.
4. Алақанның бір шетіне жаңғақты қойып, екінші қолымыздың алақанымен қысып, айналдырып, 3 минут жаттығу жасаңыз.»
ІІ. Жаттығу: «Менің бет - әлпетім».
Мақсаты: өз сезімдері туралы ойланып, басқалармен бөлісуге үйрету.
Құрал: суреттер бланкісі және маркерлер.
Психолог: «Қазір мен адам беті бейнеленген қағаздар үйлестіремін. Нұсқауға орай суретті толықтырыңыз. (Төрт бланкіде эмоциялар бейнеленген: 1. Мен бақыттымын. 2. Маған көңілді. 3. Мен ашулымын. 4. Маған қорқынышты). Енді сізде не шыққаны жөнінде әңгімелейміз.
Талдау:
Мұндай бет - әлпет сенде қай уақытта болады?
Сенің көңіл - күйіңнің жоқтығын айналадағылар қалай біледі?
Сен өз қайғыларыңды қалай көтерер едің?
Өз сезімдеріңді қоршаған ортаға көрсетесің бе, әлде ішке ұстайсың ба?».
Жаттығу орындау: «Мені қайтала».
Мақсаты: қиыншылықтарды ұмытып, топтық жұмысқа толықтай «осы жерде және қазір» жағдаятында кірісу.
Психолог: «Жарты шеңбер құрып отырамыз. Қазір әр қатысушы бір-бірден ортаға шығып, сыныптастарына бетпе-бет қарап, кез - келген тәсілдерді қолданып, алдағы сыныптастарының сәлемдемесін қайталамай амандасу керек. Біз бәріміз есімін хормен айтып, әр сәлемдемені қайталаймыз.
Талдау:
Сіз қандай сезімдесіз?
Қандай сәлемдеме ерекше ұнады және неге?»
Тест орындау. «Көңіл - күйді анықтау».
Мақсаты: әртүрлі жағымсыз қылықтарға бейімділігін анықтау.
Психолог: «Төмендегі реакциялар саған қаншалықты сәйкес келетінін бағала. Жауап бланкісінде қандай сұрақтарға «иә» деп жауап берсең, сұрақ нөмірін қорша. Қоршалған сұрақтарды 1 ұпай деп бағалап, бір - біріне қос.
1. Мен ашуланған кезде біреуді ұруым мүмкін.
2. Кейде қатты ашуланған кезде кез - келген затты лақтырып жіберемін.
3. Мен тез ашуланамын, бірақ тез басылам.
4. Менен жақсылап сұрағанша өтінішті орындамаймын.
5. Маған тағдыр әділетсіз болып көрінеді.
6. Артымнан адамдармен туралы не айтатынын білемін.
7. Егерде адамдар менімен келіспесе, бәстеспесем тұра алмаймын.
8. Егерде мен біреуді алдасам, өте қынжыламын.
9. Мен адамды ұра алатын сияқты болып көрінемін.
10. Ашуланған кезде есікті тарс ұрамын.
11. Кейде адамдар жай қасымда отырса да, тітіркендіреді.
12. Егерде маған қандай да бір ереже ұнамаса, оны бұзғым келеді.
13. Кейде мені көрсетпесем де қызғаныш сезімі билейді.
14. Менің ойымша көптеген адамдар мені ұнатпайды.
15. Адамдар менің құқымды сыйлауын талап етемін.
16. Кейде менің ойыма өзім ұялатындай ойлар келеді.
17. Мені төбелесуге дейін апаратын адамдарды білемін.
18. Мен кейде ашуымды үстелді ұру арқылы білдіремін.
19. Кейде мен үрілген шар секілді жарыламын.
20. Егерде біреу мені басқарғысы келсе, қарсы шығамын.
21. Менің жек көретін адамдарым бар.
22. Біршама адамдар мені көре алмайды.
23. Ашуланған кезде ұрсып тастаймын.
24. Жұмыс жасамау үшін алуан түрлі сылтау табатын адамдар өздерін кінәлі сезіну керек.
25. Егерде мені біреу ренжітетін болса, мен сыбағасын беремін.
26. Кейде мен қолыма түскен заттың быт-шытын шығарамын.
27. Маған ұнамайтын адамдарға дөрекі сөйлей аламын.
28. Мені бәлсініп сөйлесетін болса, еш нәрсе істегім келмейді.
29. Мен адамдарға нашар қатынасымды жасыруға тырысамын.
30. Кейде менің сыртымнан күлетін сияқты болып көрінеді.
31. Кімде - кім менің жыныма тиетін болса, ол туралы не ойлайтынымды бетіне айтып саламын.
32. Мен ата - анама аз көмектесетінім үшін қынжыламын.
33. Егерде мені бірінші болып біреу ұрса, мен де дәл солай жауап беремін.
34. Ұрыс - керісте мен жиі дауыс көтеремін.
35. Мен ұсақ-түйекке ашуланамын.
36. Кімде - кім өзін басшы ретінде бейнелесе, сол кісіні орнына қоюға тырысамын.
37. Мен алып жатқан мадақтаулар мен еленулерден гөрі әлде қайда көп лайықтымын.
38. Маған қастандық жасағысы келетін жауларым бар.
39. Мен қорқыта аламын, бірақ орындатуға мәжбүрлемеймін.
40. Мен соңынан өкінетін көп әрекеттер жасаймын.
Жауап бланкісі:
1. Физиологиялық агрессия 1, 9, 17, 25, 33
2. Жанама агрессия 2, 10, 18, 26, 34
3. Ашулану 3, 11, 19, 27, 35
4. Негативтік 4, 12, 20, 28, 36
5. Ренжігіштік 5, 13, 21, 29, 37
6. Күмәншілдік 6, 14, 22, 30, 38
7. Сөздік агрессия 7, 15, 23, 31, 39
8. Кінә сезімі 8, 16, 24, 32, 40
Физиологиялық агрессия – қарапайым агрессия түріне бейімділік. Саған туындаған сұрақтарды күш арқылы шешу тән. Мүмкін сенің өмір сүру дағдың, не жеке ерекшеліктерің өзара қатынас жасаудың тиімді тәсілдерін қолдануға кедергі келтіретін шығар. Жауап агрессиясын шақыруға тәуекел етесің.
Жанама агрессия – әрине үстелді ұрған серігіңнің баснан ұрғаннан жақсы. Дегенмен мұны әдетке айналдырудың қажеті жоқ. Жиһаз бен ыдыс - аяқты ая. Себебі бұл тікелей шығын. Сонымен қатар жарақат алуың да мүмкін.
Тітіркену - жасырын не іштей тітіркену бірден басқа адаммен қарым - қатынасты бұзуға әкелмейді, бірақ сыртқа жарылып шыққанша күкірт қышқылы сияқты іштей жейді. Сыртқа шыққанда физиологиялық және жанама агрессиядай болады.
Негативизм – жасөспірімге тән, өштесу сезімінен туатын мағынасыз, тіпті бұзуға әкелетін реакция. «Бас жарып, қол шығаратын…» мәтеліндегі әрекет.
Ренжігіштік – басқа адамдар сөзінен және әрекетінен келеке, менсінбеу, жаратпаушылықты көруге бейімділік. Мұндай адамдар өз өмірін өзі улайды.
Күмәншілдік – басқа адамдардың сөзі мен ісінен өзіне бағытталған жасырын арам ниет көру. Егерде бұл шектен шығатын болса, денсаулыққа кері әсер етеді.
Сөздік агрессия – айтылған сөз атылған оқпен бір. Сондықтан аңдамай сөйлеген ауырмай өлетінін ойлау керек.
Кінә сезімі – сені ешкімді ұрмағаның, ештеңе сындырмағаның, ешкімге қатты сөз айтпағаның үшін құттықтаймыз. Сенде ыңғайсыздық сезімі, өзіңді кінәлі сезіну қайдан пайда болды?
Егерде сен өзіңді өзің ұстай алатын болсаң, басқара да аласың. Эмоцияны бастықтыру жабайы жылқыны қолға үйретумен тең екенін ұмытпауымыз керек. Оның тізгінін не жіберуге, не тізгіндеуге болмайды. Екеуі де міндетті түрде сәтсіздікке апарады. Жабайы жылқыны үйрету үшін қанша шыдамдылық қажет екенін ұмытпауымыз керек.
ІІІ. Жаттығу орындау: «Өз құндылықтарым мәлімдемесі».
Мақсаты: өзіндік бағалауды көтеру, өз күшін тексеру мүмкіндігі.
Психолог: «Қазір мен сендерге «өз құндылықтарымның мәлімдемесін» оқимын. Бұл әркімнің өзіне арналған әнұраны іспеттес. Барлығымыз дауыстап бірге оқимыз:
Мен - бұл мен. Бүкіл әлемде дәл Мендей ешкім жоқ. Барлық менің жеңістерім мен жеңілістерім менікі. Барлық менің қиялдарым, армандарым, барлық менің үміттерім мен қорқыныштарым менікі. Сондықтан мен өз - өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өз-өзімді жақсы көре аламын және достаса аламын. Сонымен бірге Мен мендегі барлық қасиеттерді менің қызығушылығымды оятуға жұмылдыра аламын.
Мен көремін, естимін, сезінемін ойлаймын, сөйлеймін және әрекет ете аламын. Басқа адамдарға жақын болу үшін және айналамдағы заттар мен адамдар әлеміне мән мен тәртіп енгізу үшін Менде бәрі бар.
Мен тек өзіме тиесілімін, сондықтан Мен өзімді өзім жасай аламын.
Мен – бұл Мен. Мен кереметпін».
Талдау:
Өзіңізді қалай сезінудесіз?
Топпен өзіңнің көңіл - күйіңді және рухани жан - дүниең туралы бөліс.
Бұл жаттығудан не алдыңыз?
Қорытынды: Қара жорға биі.