Ыбырай Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңі

Открытый урок на тему: Ы.Алтынсарин и о жизни Ы.Алтынсарина

Содержимое разработки

Алматы қаласы білім беру басқармасының

«Алматы мемлекеттік

көлік және коммуникациялар колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие

«алматинский государственный колледж транспорта и коммуникаций»

Управления образования

города Алматы



Бекітемін

Директордың ОӘЖ

орынбасары

Жесекбаева А.А.

______________

«___» __________ 20 __ж




топтары

мерзімі










____ ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің атауы: Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар», «Жаз», «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Оқу тапсырмаларының мақсаттары мен міндеттері:

Білімдік мақсаты:

Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.

Тәрбиелік мақсаты:

Студенттерді Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға баулу, тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты :

Студенттердің ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту

Оқу материалын меңгерту деңгейі

Студент білуі тиіс:


қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен

шығармашылығын

Білігі

Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу.

Дағдысы

Студенттердің өз бетімен білім алуына жетелеу.

Құзіреттілігі

Ыбырай еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.

Түсінігі болуы тиіс

Студенттер топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, студенттер бір-бірінен үлгі алады, 

Пәнаралық байланыстар

тарих, қазақ тілі


Оқу-әдістемелік кешен және техникалық құралдар

Әдебиеттер тізімі

Г.Садыкова, Г.Сманов

Көрнекі құрал-р, дидактикалық мат

Ы.Алтынсарин суреті, қосымша оқулықтар


Техникалық құрал-жабдықтар

Электронды оқулық


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Уақытты өлшеп бөлу

I

Ұйымдастыру кезеңі:

1-3мин.

Студенттермен амандасу, түгендеу, Студенттердің сабаққа даярлығын көрсету.

II

Білімді тарату мен жүйелеу

5-7 мин

Білім берудегі мақсат –жан жақты білімді, оқуға бейім өзіндік ой толғамды бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Түсініксіз сөздердің сән мағынасын түсіндіру.

III

Жаңа сабақты түсіндіру

5-10 мин


Топқа бөлінеді. Фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді. Шаттық шеңберін құру, бір-біріне сәттілік тілейді. Ыбырай туралы деректер

- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады. Еңбекті сүю, қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі тақырыптардың бірі. Мұнда Отанын қадірлеуге, сондай - ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді.Жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы өлеңдері мен әңгімелері
1 Білімге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер, білім бар жұрттар».
2. Әлеуметтік теңсіздік: «Залым төреге», «Әй, жігіттер»,
3. Табиғат тақырыбында: «Жаз», «Өзен»
4. Ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды: «Азған елдің билері, хандары, байлары», «Залым төреге».
5. Өз еңбегіңмен күн көрге шақырады: «Әй, достарым!»
6. Адал еңбекті, шындықты жырлайды: «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңі
7. Орыс жазушыларының аудармалары: К.. Д. Ушинскийдің «Үнді» әңгімесін, “Сауысқан мен қарға”, “Теке мен түлкі” мысалдарын, Л. Н. Толстойдан “Мұңсыз адам”,”Данышпан қазы”.”Үш ұры” ертегілерін, И. А. Крыловтың “Қарға мен түлкі” мысалы
8. Еңбек тақырыбында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Мейірімді бала», «Шеше мен бала» т. б. әңгімелері бар.


V

Үйретілген материалдарды бекіту

3-5 мин

  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы туралы хорнологиялық кесте

Жылдар

Маңызды оқиғалар


1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.


1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.


1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.


1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.


1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.


1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.


1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.


1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.


1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.


1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.


1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.


1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.


1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.


1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.


1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.


1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.


1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.



VI

Рефлексия. Сабақты қорыту.

5-10 мин

«Ойашар» сәйкестендіру

«Менің білім деңгейім»

Тест

1.Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты?

А) Торғай  Ә) Ырғыз  Б) Қостанай   В) Семей

2.Ы.Алтынсариннің атасы:

А) Оспан    Ә) Балғожа би  Б) Қайырхан     В) Төле би

3.Ы.Алтынсарин неше жасында қайтыс болды

А) 48 жасында   Ә) 45 жасында Б) 42 жасында   В) 41 жасында

4.Ы.Алтынсарин қай жылы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды?

А) 1864 ж     Ә) 1841 ж     Б) 1857 ж    В) 1879 ж

Толықтыру тест

Ағартушы,педагог,жазушы,ғалым,балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 ж қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген.

Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиелейді.1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.

Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 ж Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балалрынның жас ерекшеліктеріне  лайықтап,түсінікті етіп әңгімелер жазды.

VII

Үй тапсырмасының мазмұны

1-2 мин

1 Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, мағынасын түсіну, өлеңін жаттау.

Құрастырған:

Оқытушы ___________________ ТАӘ «___» _________________ 20__ ж


Келісілді:

ЦӘК төрайымы ______________ ТАӘ «___» _________________ 20__ ж





Сохранить у себя:
Ыбырай Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки