Сыныбы: 5аб сыныптары
«Тапқыр информатик» сайысы
Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату. Өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ – жауап, топпен жұмыс,
Құрал жабдықтар: Компьютер, А4 парақтары
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өрендер.
Бүгінгі «Тапқыр информатик» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
1. Көшербаева С.
2. Таджибаева А.
3. Сарсекова Ж.
Сайысқа 2 топ сайысқа түспекші.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйгеге қатысушыларды көріңіз.
І топ «Алғырлар» тобы
ІІ топ «Ақпарат» тобы
Сайыс кезеңдері:
1-тур. Таныстыру
2 - тур. «Сан сұраққа саяхат»
3 - тур. «Сиқырлы сөздер»
4 - тур. «Тіл өнер»
5 - тур. «Адасқан әріптер»
6 тур. Компьютердің пайдасы мен зияны
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз (Әр топ өздерін таныстырды)
І КЕЗЕҢ
«Таныстыру»
Әр топқа өзінің атымен, эмблемасы, ұранымен таныстыруды
Жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе келесі кезеңімізге өтейік.
ІІ КЕЗЕҢ
«Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.
І топқа.
1. Алғашқы есептеу құрылысы
2. Қолға алып жүретін компьютер
3. Сурет салуға арналған программа
4. Вирусты жоятын программа
5. Компьютердің негізгі құрылғылары
6. Компьютердің миы
7. Терезенің 3 тілде атауы?
8. Енгізу құрылғысы
9. Paint редакторының жұмыс аумағында қанша құрал бар?
10. Дүниежүзілік желі?
ІІ топқа.
1. Тышқан сөзінің 3 тілде аталуы?
2. Компьютер жанындағы өсімдік?
3. Интернетке қосылуға арналған құрылғы
4. Басып шығаруға арналған құрылғы
5. Өшірілген объектілері орналасатын папка
6. Компьютердің қосымша құрылғылары
7. Ойын программалары
8. Мәтіндік редактор
9. Дыбыс шығару құрылғысы
10. Компьютердің маманы
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Түрлі сауал топтарға біз берейік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік- деп келесі кезең қызықты жұмбақтарға берелік.
3 КЕЗЕҢ
«Тіл – өнер» Шешіуін тауып, жауабын 3 тілде айту
1 топқа
Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор-монитор-)
Жанұяда бес ұл бар және олардың әрбіреуінің қарындасы бар. Сонда бұлар неше адам? (6)
Компьютердің ең негізгі құрылғысы? ( жүйелік блок-системный блок-)
Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы? (модем-модем-)
Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? (12 кг-)
6. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит-бит-bit)
7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта-клавиатура-)
8. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус-кактус- cactus)
2 топқа
1. Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? (себет)
Үш тауық үш күнде 3 жұмыртқа тапса, 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа табады? (6)
1 кбайт-та неше байт бар? (1024 байт)
Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы? (принтер)
Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады, 5 жұмыртқаны неше минут қайнату қажет? (4 минут)
6. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп. (компьютер – компьютер – computer)
7. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
8. Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура – keyboard)
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болсын –деп «Сиқырлы әріптер» кезеңімізді бастасақ.
4 КЕЗЕҢ.
Сиқырлы әріптер. Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет
1 – топ. – Пернетақта.(перне, тақта, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,....)
2 – топ. – Бағдарлама.(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,...)
Жүргізуші:
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші,заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!
5 КЕЗЕҢ.
Адасқан әріптер. Адасқан әріптерден сөз құрастыр.
І топ.
1. Нимотор (монитор)
2. Комтерпью (компьютер)
3. Ернетақтап (пернетақта)
4. Лайф (Файл)
5. Кулкальторя (Калькулятор)
6. Таусақ (Сақтау)
7. Шынтақ (тышқан)
ІІ топ.
1. Иннеттер (интернет)
2. Кафлеш (Флешка)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)
7. Ирусв (вирус)
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, – демекші
«Компьютердің ппайдасы мен зияны» сайысын бастайық
6 КЕЗЕҢ.
Әр топ компьютердің пайдасы мен зияны туралы айтады
Жүргізуші:
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! -дей келе әділ қазылар алқасына топтардың ұпай сандарын есептеуге уақыт берейік.
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.
Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!