№15 орта мектебінде 8-наурыз «Халықаралық Әйелдер мерекесі» қарсаңында «Көктем аруы»
қыз сыны байқауы өтті.
Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, қыздар арасында сайыс, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау, мектептегі ару қыздардың өнері мен білімін сарапқа салып, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру.
Байқауға сыныбынан 4 қыз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» өз өнері сайысында көрермендерге ән айтып, би билесе, «Білімді мыңды жығар» атты сұрақ-жауапкезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге ас мәзірі, әртістік қабілетін байқау және сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салған қыздары жарады, өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «ару»деген атқа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді. Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Көктем аруы - 2019» атағын Ерікова Аруджан жеңіп алса, «Көрікті Ару» номинациясын Қасенова Жамиля, «Өнерлі Ару» номинациясын Даутова Фариза , «Инабатты Ару» номинациясын Нұрлан Камила жеңіп алды.
"Көктем аруы2019" - Ерікова Аружан
«Көрікті Ару» номинациясын Қасенова Жамиля
«Инабатты Ару» номинациясын Нұрлан Камила
Бағдарлама шығармашылық және интеллектуалдық конкурстарға толы болды. Әр қатысушы жақсы дайындалды және қазылар алқасына таңдау жасау оңай емес еді. Нәтижесінде барлық қатысушылар номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар балалар аналар мен әжелерді құттықтап, ән айтып, өлең оқыды.
Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
Қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз дей келе сөзімді қорытындылаймын. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сынып жетекшісі : Тутканбаева Гульмира Маратовна