«Сүйіспеншілік – өмір негізі»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаева- ның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;
- шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
- өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;
Жағымды күйге келу
Топқа бөлу
1 – топ: «Адалдық»
2 – топ: «Сүйіспеншілік»
Дәйексөз
“ Барлық тіршілік сүйіспеншіліктен нәр алады. Сүйіспеншілік бар жерде нұр төгіледі”
- Адамның шын ықыласпен істеген іс- әрекеттері қандай сезім тудырады?
- Сүйіспеншілік неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
- Сүйіспеншілік сезімдерді қалай білдіреміз? Кімге, неліктен?
Әңгімелеу
Отанға деген сүйіспеншілік
аңыз әңгіме
«Бес неліктен»
Ақылгөй қойған шартының тағылымы неде?
Аңыз әңгімені қалай
түсіндіңіз?
Ананың бойынан
қандай қасиеттер байқадыңыз?
Осы аңыз әңгімеден
қандай ой түйдіңіздер?
Отан алдындағы парыз өтеу
дегеніміз не?
Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана
Сара Алпысқызы
Видео ролик
Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) -12 ақпан, 1941 жыл,
Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының
тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы
“ Бөбек” балалар қорының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы халықаралық сыйлығының, “Юнити” халықаралық сыйлығының иегері. “Бөбек” балалар қорының тұңғыш Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ізгілік пен мейірімділік шартын сақтап өмір кешіп жүрген, жанының жылуын қорғансыз, жаутаң жандарға төгуден жалықпайтын, туған елінің арда қасиеттерін бойына сіңірген ғажайып әйел.
Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел таныған көшбасшысы болып саналады. Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Бөбек” балалар қоры – бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елдерде де мойындалған, белсене қайрат көрсетіп жүрген қорлардың бірі. Қор қызметінің басты бағыттары – ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен балалар үйін қамқорлықта ұстау, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен, қажетті керек жарақпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларды қолдап-қоштау, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу.
«Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін – өзі тану» білім жобасының авторы.
Үш қыздың анасы
Шығармашылық тапсырма
Ана – жүрек – сүйіспеншілік- бастау
Отан- адал- қызмет - ету
«Алтын жүректі ана»
постер құрастыру
Топпен ән айту Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
1. Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр күнін, Жинадың сен маған. Сен берген құстардың, Қанаты самғаған, Балалық құштарым, Өзіңе арналған. Қайырмасы:
Топпен ән айту
Қайырмасы: Әлдилеп аялап, Өсірген жемісін. Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңілді көктемдей, Көзіңнен танимын.
2. Өтеуге борышым, Анашым, жан сырым. Іздедім сен үшін, Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын, Сыйлар ем, кеш мені. Сыйлар ме ай, күнін, Қолыма түспеді.
Топпен ән айту
Топпен ән айту
Қайырмасы: Әлдилеп аялап, Өсірген жемісін. Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңілді көктемдей, Көзіңнен танимын.
Топпен ән айту
3. Ете көр қанағат, әзірге берерім Балалық махаббат, балалық жүрегім Бол риза анашым, қолдағы осы бар. Өзіңе арнаған әнімді қосып ал!
Топпен ән айту
Қайырмасы: Әлдилеп аялап, Өсірген жемісін. Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңілді көктемдей, Көзіңнен танимын.
Сабақтың қорытынды сәті
Енді түзу де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.