1. Білім алушыларды бірнеше топқа бөліп, күрделі, көлемі үлкен мәтінді терең түсінуге мүмкіндік тудыратын әдіс?
А) алты қалпақ
Ә) джигсо
Б) попс
В) фишбоун
2. Оқушының танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту проблемасы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
А) оқушының белсенділіктерін арттыру
Ә) оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселеге туғызу
Б) оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында меңгереді
В) барлық жауап дұрыс
3. Оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін меңгертуге бағытталған технология:
А) Сыни тұрғысынан ойлау
Ә) Дамыта оқыту
Б) Жұптасып оқыту
В) Проблемалық оқыту
4. Қарым-қатынас құрылымына сəйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері:
А) дамыта оқыту, өзара оқыту, ұжымдық оқыту, топтық оқыту
Ә) жалпы сыныптық, жұптық, топтық
Б) жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
В) жеке оқыту, топтық, ұжымдық оқыту, дамыта оқыту
5. Блум таксономиясы бойынша оқушыны сыни ойлауға жетелейтін сұрақ саны?
А) 2
Ә) 3
Б) 5
В) 6
6. Балаға шамасына, мүмкіндігіне, қабілетіне сәйкес берілетін тапсырма түрі?
А) шығармашылық тапсырма
Ә) деңгейлік тапсырма
Б) жеке тапсырма
В) топтық тапсырма
7. Елестету, салыстыру, түсіндіру және дәйек келтіру, мазмұндау кезеңдерін қамтитын тәсіл?
А) Дәлелдеу
Ә) Түсіндіру
Б) Табиғи
В) Эвристикалық
Ал, еркін аударылған аудармалар өлеңнің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізбей, аудармашы ақын Абайдың сол кездегі көңіл-күйіне сәйкес еркін жырлап кететіні бар. Біз мұны Абай аудармаларының өзіндік ерекшелігі дейміз. Абай орысша тексті көбіне-көп дәлме-дәл аударуды алдына мақсат етіп қоймаған секілді. Мұның негізгі себебі, ақын сол кездегі қазақ оқырмандарының білімін, ұғым-түсінігін, ойлау ерекшелігін ескерсе, екіншіден өзі жақсы білген Шығыстың классикалық поэзиясының "Назира" үлгісін пайдаланған ақын, оқиға желісінің негізін сақтай отырып, мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне, түсінігі мен ойлау ерекшелігіне жанастыра отырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Мысал үшін, Шығыс ақындары жырлаған "Ескендір" тақырыбын Абай "Назира" үлгісінде өзінше жырлап, "Ескендір" поэмасын жазған. Шығыс әдеби дәстүрін жақсы білген Абайға және сол кездегі қазақ оқырмандарына бұл қалыпты жағдай болып көрінген сияқты. Бұл айтылып отырған "Назира" үлгісі қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, алдыңғы ақында айтылған ойдың, сөздің орамын өзінше келтіріп,кейінгі ақынның тың, жаңа өрнек табуына мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.
Біз сөзіміздің басында Абайдың орыс тілін соншалықты терең білетінін сөз еткенбіз. Расында да Абай орыс тілін адам таңғаларлық дәрежеде тамаша меңгерген. Соның анық дәлелі Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр» өлеңі.
Лермонтовтың «Пленный рыцарь» өлеңін Абай «Тұтқындағы батыр» деген атпен жолма-жол өте дәл аударған. Өлең Лермонтовта да Абайда да жиырма жол, барлығы бес шумақ.
Аудармаға қойылар негізгі талап, түпнұсқадағы ойдың мазмұн-мәнін, көркемдік қасиетін толық сақтап, басқа тілді оқырманға төкпей-шашпай сол күйінде жеткізу болса, Абай аударған Лермонтовтың «Тұтқындағы батыр» өлеңі- аудармаға қойылар осы талаптардың бәріне жауап беретін аударманың классикалық үлгісі.
Абай аудармасындағы Лермонтовтың «Тұтқындағы батыр» өлеңінің кей жері түпнұсқамен жолма-жол бірдей келсе, ал кейбір жері түпнұсқадағы айтылар ойға мейлінше жақын келіп, үндес шығып жатады.
М.Ю.Лермонтовтың И.Ф.Шиллерден аударған «Бесіктегі бөбек» деген небәрі екі-ақ жол өлеңін Тоқай өз тіліне тым еркін аударып, өз жанынан көбірек қосқан. Қосалқы көркемдік штрихтарды, идиомалық тіркестерді көбірек қолданған. Бұл өлеңді Абай да еркін аударған. Түпнұсқадағы негізгі ойды тереңірек ашып беруге ұмтылу Абайда да бар. Бірақ, Абай мен Тоқай бір мақсатқа әрқайсысы өзіндік көркемдік тәсілдер арқылы жетуді көздеген.