Шоқан Уалиханов «Ыстықкөл көл сапарының күнделігі»

Поурочные планы на тему: Ш.Уалиханов о жизни Ш. Уалиханова

Содержимое разработки

Алматы қаласы білім беру басқармасының

«Алматы мемлекеттік

көлік және коммуникациялар колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие

«алматинский государственный колледж транспорта и коммуникаций»

Управления образования

города Алматы



Бекітемін

Директордың ОӘІЖ

орынбасары

Жесекбаева А.А.

______________

«___» __________ 20 __ж




топтары

мерзімі










____ ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің атауы: Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Шоқан Уалиханов «Ыстықкөл көл сапарының күнделігі»

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Оқу тапсырмаларының мақсаттары мен міндеттері:

Білімдік мақсаты:

Шоқанның өмірі мен шығармашылығы, Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші екенін білуі.

Тәрбиелік мақсаты:

қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты :

оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту

Оқу материалын меңгерту деңгейі

Студент білуі тиіс: Шоқанның өмірі мен шығармашылығы, Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі екенін білу

Білігі

Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу.

Дағдысы

Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады

Құзіреттілігі

Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.

Түсінігі болуы тиіс

Студенттер топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, студенттер бір-бірінен үлгі алады, 

Пәнаралық байланыстар

тарих, құқықтану, қазақ тілі


Оқу-әдістемелік кешен және техникалық құралдар

Әдебиеттер тізімі

Г.Садыкова, Г.Сманов

Көрнекі құрал-р, дидактикалық мат

Ш.Уалиханов суреті, қосымша оқулықтар


Техникалық құрал-жабдықтар

Электронды оқулық


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Уақытты өлшеп бөлу

I

Ұйымдастыру кезеңі:

1-3мин.

Студенттермен амандасу, түгендеу, Студенттердің сабаққа даярлығын көрсету.

II

Білімді тарату мен жүйелеу

5-7 мин

Білім берудегі мақсат –жан жақты білімді, оқуға бейім өзіндік ой толғамды бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Түсініксіз сөздердің сән мағынасын түсіндіру.

III

Жаңа сабақты түсіндіру

5-10 мин


Топқа бөлінеді. Фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді. Шаттық шеңберін құру, бір-біріне сәттілік тілейді.

Шоқан туралы деректер

Күнделік туралы мәлімет беру
Күнделік – публицистикалық шығарма түрі. Қаламгердің өз көзімен көрген- білген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр.

1. Іштей оқу
2. Дауыстап оқу, мәнерлеп оқу.(1-2 судент)
3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 студент) Мәтінде не туралы айтылады?
1-топ Мәтіннің ішінен қырғыз халықтарының өмірі туралы айтады
2- топ Мәтінді оқи отырып Шоқанның Ыстықкөлге сапарының картасын сызады.

Ыстықкөл сапарының күнделіктері
19 мамыр. Бірінші Мерке өзені.
Біз Алатауды Қуулық жотасымен көтерілген кезде, алдымыздан биік жартасты сай шыға келді. Сайдың түбінде ағыны едәуір қатты Мерке жылғасы жатыр екен. Жоғарыдан қарағанда, өзеннің ағыны тамаша. Көк майса, оның жағалауларын екі жақтан жиектеп тал өскен…
Түп Ыстықкөлге құяды. Түпті бойлай шырша орманы қаптаған Таспа деп аталатын аласа таулар кетеді.
Таспаның арғы жағында Жырғалаң дейтін жылға аға-ды, ол да Ыстықкөлге құяды. Санташ- «сансыз тас» деген сөз. Бұл асудың аты бір қорғанға үйілген толып жатқан тастан шыққан. Тау қырғыздары Санташты жоңғар-қалмақтарды жеңу үшін қазақтың ханы Есім хан үйдірген дейді. Есім ханның бұл жер-де болғаны да рас, қоңтайшыны жеңгені де рас.
…Орайы келгенде айта кетелік, Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: « Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып-таранып, көш қонатын жерге сән-салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай.

жота- хребет, биік жартасты сай- скалистый овраг
үю- складывать, нагромождать, асу- перевал
сансыз тас- множество камней
ең қауіптісі- самый опасный, жылға- ложбина

І – деңгей. Жылғаның Қарқара атануы
ІІ – деңгей. Қыстың көзі қырауда ,Зайсанның екі қызы жуынып жүріп көштен қалып қояды.
Әрі қарай өрбітіңдер
ІІІ – деңгей 1. Аңызда айтылған жылғаның аты:
А) Тасқара Б) Қарқара В) Санташ

2. Шабуыл кімдерге жасалған
А) қазақтарға Б) қалмақтарға В) қырғыздарға

3. Зайсан өзенінің бойында қай жердің қыздарын тартып алады?
А) Зайсанның Б) Меркенің В) Қытайдың
4. Қыздар сәукелесіне не қадаған
А) үкі, қауырсындар Б) көз моншақ В) шолпы
5. «Қарқара» деп нені атаған
А) қауырсынды Б) шолпыны В) көз моншақты

Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр студент кесте толтырады)

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылдары, туған жері

Орыс ғалымдарымен

байланысы

Алған білімі

Қызметі

Зерттеу саласы

Еңбектері



V

Үйретілген материалдарды бекіту

3-5 мин

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Оқушылар дәптердің бетін немесе парақты екіге бөледі. Мәтінді оқу барысында олар жазады. Бір жағына қатты әсер еткен тұстары, үзінділер, екінші жағына өзіне әсер еткен үзінді жайлы пікірін жазады.( не себепті жазып алды).

 Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделігін толтырған соң, жұпта, топта талқылайды. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арнаған сұрақтар қойып, жауап алады.

Оқыған мәтінге баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге қойылған сұрақтар.

-         Сенің ойыңда не сақталып қалды?

-         Не себепті үзіндіні жазып алдың?

VI

Рефлексия. Сабақты қорыту.

5-10 мин

Ой толғаныс.

  • Ал, балалар, көңіл- күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? Сол жайлы күнделік жазамыз.

VII

Үй тапсырмасының мазмұны

1-2 мин

1 Шоқан  Уәлиханов туралы түсінгенін айту

Құрастырған:

Оқытушы ___________________ ТАӘ «___» _________________ 20__ ж


Келісілді:

ЦӘК төрайымы ______________ ТАӘ «___» _________________ 20__ ж



Сохранить у себя:
Шоқан Уалиханов «Ыстықкөл көл сапарының күнделігі»

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки