Сабақ жоспары №
Пән: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы | Оқытушы: Усенбекова Ғалия Ердаулетқызы | |
Топ: | Күні: | Білім алушылардың саны |
ҚБА-203 | 9.12.2019 ж |
|
Тақырыбы: Мидың құрылысы мен атқаратын қызметі
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Мейірімділік,жауапкершілік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ми туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Білім алушылардың ой-өрісін дамыту. Пәнге деген танымды қызығушылығын, ойлауын және адамгершілік қасиеті мен мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік: Шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын жинақтауға, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Жұлдызшалар, кесте
Әдебиеттер:
1. Күзенбаева А. Адам анатомиясы. - Алматы, Арыс, 2001
2.Қалкенова Б. Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена. -Астана:Фолиант, 2015
3.Набидоллина Ш.С. "Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы". - Астана: Фолиант, 2007
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, білім алушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау, сабаққа зейіндерін аудару.
Сыртқы интеграция (Тыныштық сәті)
II. Үй тасымасын тексеру:
"Ыстық орындық" әдісі арқылы
1. Жұлын дегеніміз не?
2.Жұлынның құрылысы?
3.Жұлынның қызметі?
4.Жұлынды қоректендіретін қантамырлар?
5.Жұлынның нейрондары?
Жұлын- адаммен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың Жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы – адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 – 45 см-дей, салмағы 26 – 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады
III. Жаңа сабақты оқып игеру.
Жоспары:
Ми
2.Мидың құрылысы мен атқаратын қызметі
Ішкі интеграция (Мидың құрылысы мен қызметі туралы білімі жөнінде толық мағлұмат беріп, адамға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру)
Ми — адамның ойлау жүйесі мен сана сезімдерінің басқарушы тетігі. Тіршілік басталғаннан бергі технологияның қарыштап дамыған кезеңіне дейінгі аралықта адамзат баласы өзінің осы «барометірі» арқылы едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Зәулім үйлер салып, ғарышқа ұшты. Ал, ғалымдар әлі күнге дейін адамзатқа мол мүмкіндіктер сыйлаған осы ғаламаттың құлысын тынбай зерттеумен келеді.
Ми мінез-құлыққа жауапты орталық нерв жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстікжәне өткізгіштік қызмет атқарады.
IV.Сабақтың ортасы
"4 бұрыш"әдісі арқылы сыныптың 4 бұрышына 4 сөз "ия", "жоқ" деген сияқты сөздер жасырынып тұрады.Мұғалім сұрақ қояды.Оқушылар сұрақтың жауабына сәйкес бұрышқа барып тұрып дәлелдейді.
V. Сабақты бекіту.
"Зуылдақ" әдісі арқылы
1.Ми деген не?
2. Мидың құрылысы?
3.Мидың қызметі?
4.Мидың бөлімдері?
V. Үйге тапсырма: Мидың құрылысы мен атқаратын қызметі
VI.Кері байланыс: "БББ" кестесі арқылы
1.Не білемін?
2.Нені білдім?
3. Нені білгім келеді?
VII.Бағалау: Білім алушылардың білімі мен белсенділіктерін бағалау.
Құрметті оқытушылар, осы сабақ типтері мен түрлерін сабақ жоспарын құру барысында пайдалансаңыздар болады.
Сабақтың типтері
1.Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. 6.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Сабақтың түрлері
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б. |