Отбасымның бренді- журналистика

Серік Әліхан өзінің екі аталарының және әкесінің журналистика бағыты бойынша жасаған ереулі еңбектері бойынша зерттеу жұмысыны зерделеді.

Содержимое разработки

«Павлодар қаласының №21жалпы орта білім беру мектебі» ММ









ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ



"ОТБАСЫМНЫҢ БРЕНДІ - ЖУРНАЛИСТИКА "





Авторы:

Серік Әліхан Амангелдіұлы

6 «Б» сынып оқушысы



Жетекшісі:

Есмакаева Гульмира Болатовна

gulmira.esmakaeva@mail.ru

87772852414

















Павлодар 2019

Мазмұны


Кіріспе

3

1 тарау. Жумадиров Каиржан Жумадирович туралы ақпарат жинау және жүйелеу


7

2 тарау. Жумадиров Серик Каиржанович туралы ақпарат жинау және жүйелеу 12

3 тарау. Жумадиров Амангельды Серикович туралы ақпарат жинау және жүйелеу 16

4 тарау. Серік Әліхан Амангелдіұлы туралы ақпарат 17

Қорытынды 19

Әдебиеттер тізімі 20



















Кіріспе


ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ – бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, радио, теледидар, т.б.) арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани құбылыстар жөнінде халыққа ақпарат тарататын шығармашылық қызмет түрі. Қазақ журналистикасы Қазақстанның әр кезеңдегі газет, журнал материалдарын, радио, теледидар, киножурналдар хабарларын, мерзімдік басылымдар тарихы мен теориясын зерттейтін ғылым саласына айналған. Оның бұқаралық, қоғамдық-саяси, арнаулы және салалық мерзімді басылымдар мен радио, теледидар арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызы зор. Қазақ журналистикасы мерзімді баспасөз түрінде 19 ғ-дың аяғынан қалыптасты.

Ташкентте шығып тұрған “Түркістан уалаятының газеті” (1870 – 1882) мен Омбыда жарық көрген “Дала уалаятының газеті” (1888 – 1902) Қ. ж-ның алғашқы беттерін ашты. 20 ғ-дың басында М.Дулатов “Серке” (1907) газетін, М.Сералин “Айқап” (1911 – 15) журналын, Е.Бұйрин “Қазақстан” (1911 – 13) газетін, А.Байтұрсынов “Қазақ” (1913 – 18) газетін жарыққа шығарды. Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Шоқай, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгеров, Ж.Ақпаев, М.Тынышбаев, т.б. алаш қайраткерлері қазақ демокр. баспасөздің дамуына зор үлес қосты. “Тұрмыс” (1905), “Еркін қазақ”, “Алаш” (1916), “Бірлік туы” (1917), “Сарыарқа” (1917), “Абай” (1918), “Жас азамат” (1918), “Ақ жол” (1920), “Шолпан” (1923), “Сана” (1923), “Темір қазық” (1923), т.б. газеттер мен журналдардағы қазақ зиялыларының публицистикалық еңбектері қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани мәселелерін көтеріп, ұлттық сана-сезімінің оянуына, елдегі демократиялық үрдістердің дамуына жол ашты.

Павлодар облысында 2002 жылы 14 электрондық Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген екен. 1938 жылы Павлодарлық аудандық газеттер «Колхозный путь» (орыс тілінде ) және «Колхоз» (қазақ тілінде) облыстық «Большевистский путь» және «Кызыл Ту» газеттерге түрлендірілген. Ұлы Отан соғысының алдында облысымызда 14 газет, оның 2 облыстық, 10 аудандық, 2 көптиражды шығарылған. 1940 жылы 835 мың экземпляр құраған.

Павлодар ауданында «Колхозный путь» газетінің алғашқы номері 1930 жылы, Ертіс ауданында «Иртыш» - 1930 жылы, Баянауыл ауданында «Жеңіс» - 1931 жылы, Успен ауданында «Заря коммунизма» - 1935 жылдары жарық көрген екен. Міне осы «Заря коммунизма» газетінде менің үлкен атам өз қызметін Ұлы Отан соғысынан кейін бас редакторы қызметінде болып, зейнетке шыққандада қарамай ерулі еңбек еткен.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» демей ме, дана қазақ. Ғаламдану ғасырында «ғаламтор» түсінігімен қатар түрлі терминдер қалыптасты. Әрқайсысының медианарықта өзіндік анықтамасы, өзгеше қызметі бар. Кез келген сала су жаңа заманауи ұғымдардың өзіне қажетін түсініп алуда. Төртінші билік иелеріне тікелей қатысы бар терминдер де жетерлік. Солардың бірі – бүгінде аса маңызға ие «бренд-журналистика» термині.

Біріншіден, кәсіби-этикалық стандарт. Журналистика жарнама ұсынған қомақты қаражатына сатылып, шындық, ашық­тық пен тәулсіздікті тәрк етпеуі керек. Екіншіден, журналистика ақпарат ұсынуда аса талғамшыл болуы керек. Яғни деректердің дәлдігін тексеріп, мәліметтерді салыстырмалы түрде сараптауға дағдылануы керек.Үшіншіден журналистика күн тәртібіндегі күрделі мәселенің маңызын түсініп, ұсынатын ақпараттың маңызын нақтылай алуы қажет.Төртіншіден, журналистиканың қызметі мәселенің мән-жайын анықтау, тарихты баяндау, кейіпкерлерді тануға бағыт алады. Бесіншіден, журналистика ақпарат ұсынуда түрлі тәсілдер мен жанрларды қолданады. Сондай-ақ бренд – тек идея емес, ол өзiнiң ерекшелiгi мен тиiмдiлiгi бар нысан.

Қазақстанда брендинг ұғымы әлі толық жетілмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеде бренд ұғымының біртұтас ақпараттық түйіндемесі қалыптаспаған, соның салдарынан, шетел тәжірибиесі еліміздің бизнес саласына енуі тежелуде.

Осы екі ұғымды алу себептерінің ең бастысы мен үшін – отбасымыздағы арғы атамыздан бастап журналистика саласында қызмет еткен, яғни отбасылық бренд деп айтуғада болады. Зерттеу тақырыбымды да алу себебі аталарым туралы ақпараттарды жаңғырту, тарату және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиімді бағдарлама жетілдіру.

Қазіргі уақытта жас өспірімдердің патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Алайда каҺармандар туралы мәлімет аз.

Мәселе:

Қаншама ата-бабаларымыздың қандай салада болсада ерліктері туралы жеткіліксіз білім болғандықтан, маған және құрдастарыма есімдері беймәлім. Ақпарат жеткілікті болған жағдайда жас ұрпаққа үлгі болар еді.

Мәселені шеші жолдары:

Әр түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып (жеке құжат, әдебиет, Интернет-ресурс, туған-туыстар, әріптес) үлкен атамның, атамның кәсіби жолдары туралы көбірек ақпараттарды саралау;

Ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату.

Өзектілігі:

Біз - жас ұрпақ, өзіміздің енбек, ерлік жасаған жерлестеріміз туралы жеткіліксіз хабардармыз. Біздің ең басты міндетіміз каҺармандарымыздың ерліктерін мәңгілік есте сақтау, артымыздағы бауырларымызға өнеге көрсету. Сонымен қатар, ұрпақтар арасында байланыс үзілмеу үшін, Елі үшін отқа түсіп, кеудесін оққа тосқан, ереулі адал еңбек еткен аталарымыздың ерліктері бізге сабақ алатындай болғандай.

Жумадиров Каиржан Жумадирович Ұлы Отан соғысының ардагері, «Успенка» ауданындағы «Заря коммунизма» газетінің редакторы, Жумадиров Серик Каиржанович «Успенка» ауданындағы «Заря коммунизма» газетінде радиоұйымдастырушысының кызметі туралы ақпараттарды толықтыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкеге тарату.

Зерттеу нысаны:

отбасымдағы ата-бабаларымның журналистика саласындағы кызметі.

Мақсаты:

ата-бабаларымның ерліктері туралы ел есінде қалдыру.

Гипотеза:

Отбасылық журналистік кызмет қанмен беріледі.

Міндеттері:

Ата-бабаларым туралы құжаттарды, фотосуреттерді және ақпараттар жинай отырып, материалдарды жүйелеу;

Өзімнің сыныбымда тәрбие сағаты барысында құрдастарымды зерттеу жұмысымен таныстыру;

Мектепішілік, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде Ұлағатты есімдер жайлы ақпарат тарату.

Әдіс-тәсілдері:

теориялық анализ, әдебиеттерді зерттеу, статистикалық ақпарат.

Жаңашылдығы:

Менің туғам аталарым болсада, жүйеленбеген ақпаратты дұрыстап, журналистика саласына қосқан үлестерін замануи бағытта жаңғырту.

Жоба өнімі:

Мектеп мұражайында ақпарат бұрышы, газеттерде мақалалар, интернет-ресуртары, кітапшалар.





1 тарау. Жумадиров Каиржан Жумадирович туралы ақпарат жинау және жүйелеу



Жумадиров Каиржан Жумадирович атамның енбек пен ерлік еткен хронологиясы. Құжаттар орыс тілінде жазылғандықтан, мен кестеге бұрмалану жағдайы болмау үшін жаздым.


Уақыты

Іс әрекеті, марапаттар

20.10.1946

УДОСТОВЕРЕНИЕ ЗА УЧАСТИЕ В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ «ЗА ПОБЕДУ НАД ГЕРМАНИЕЙ В ВОВ 1941-1945» МЕДАЛЬ



01.11.1969

СССР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ, МҮШЕЛІК БИЛЕТ №48316


20.10.1956


"ЗА ОСВОЕНИЕ ЦЕЛИННЫХ ЗЕМЕЛЬ" МЕДАЛЬ

1966

РЕДАКТОР ГАЗЕТЫ "ЗАРЯ КОММУНИЗМА"

26.12.1967

"50 ЛЕТ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР",ПРЕЗИДИУМ ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СССР МЕДАЛЬ


22.02.1976

"ТРИДЦАТЬ ЛЕТ ПОБЕДЫ В ВОВ", ПРЕЗИДИУМ ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СССР. МЕДАЛЬ


10.03.1981

ПАВЛОДАРСКИЙ ОБЛАСТНОЙ СОВЕТ НАРОДНЫХ ДЕПУТАТОВ, МЕДАЛЬ

22.07.1980

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ


 

ОБЛАСТНОЕ УПРАВЛЕНИЕ ПО ДЕЛАМ ИЗДАТЕЛЬСТВ,ПОЛИГРАФИИ И КНИЖНОЙ ТОРГОВЛИ



25.05.1985

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ОТ РАЙКОМА КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА


06.05.1985

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ОТ ПАРТКОМА КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА




Үлкен атам талай айтатын «Соғыс-ойын емес» деп. Ол сөздердің астары терең екен. 1942 жылы 19 жасында атамды әскер қатарына шақырған. Германияның шекарасында 1945 жылы екінші Беларусс фронтының әскерімен поляктардың Гданьск қаласын азат еткен. Соғыстан кейін атам отбасын құрып, алты балансына дұрыс тәлім-тәрбие беріп, ұяларына қондырған.

Үлкен атамның ең басты кәсібі журналистикамен байланысты болған. Успенка ауданындағы «Заря коммунизма» газетінде редактор қызметін атқарған. Облыстық, республикалық және кеңестік бұқаралық ақпарат құралдарында талай мақалалары жарияланған.

«Журналистер Одағы» – азаматтардың ұлтына,
діни ұстанымына, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігіне
қарамастан, қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да
актуалды проблемаларын шешуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-
экономикалық, саяси, мәдени процестерін БАҚ-тарда объективті және
жан-жақты көрсеткісі келетін журналистердің қоғамдық бірлестігі. Менің үлкен атам КСРО журналистер Одағының мүшесі болған. Қазақ және орыс тілінде мақалалар жазған. Өте көптеген журнал, газеттерді уйге жазып отырған.

«Заря Коммунизма» аудандық газетінің ұжымы


«Сельские будни» газетінің тарихы 1935 жылдың мамыр айынан жұмысын жүргізуде. 1935 жылдың басынан Лозов ауданы ұйымдастырылды, ол Щербақты ауданынан бөлінген. Кейін аудандық газеті құрылған.

«Сельские будни» аудандық газетінің ұжымы

Қорытынды: Жумадиров Каиржан Жумадирович тек соғыс ардагері ғана емес, үлгілі отбасы мүшесі, мықты, артынан шәкірттер тәрбиелеген журналист маман.



2 тарау. Жумадиров Серик Каиржанович туралы ақпарат жинау және жүйелеу

Жумадиров Серик Каиржанович 1951 жылы шілде айының 31 жұлдызында Павлодар облысы, Лозов ауданы, Успенка селосында дүниеге келген.



Жумадиров Серик Каиржановичтың туу тіралы куәлігі

Мектеп қабырғасымен 1968 жылы қоштасқан соң, атам Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын мамематика мамандығы бойынша 1972 жылы сәттә аяқтаған.


Жумадиров Серик Каиржановичтың дипломы


Математика мұғалімі болып жұмыс жасап жүргенде, Отан алдында әскери борышын өтеу кезеңі келген соғ атам 1973 жылы мамыр айының 4 жұлдызында жолға аттанды.


Жумадиров Серик Каиржановичтың әскери билеті

Атам 1980 жылы қантар айының 23 жұлдызында «Заря коммунизма» газетінін штатына радиоұйымдастырушы қызметіне кірісті.



Жумадиров Серик Каиржановичтың еңбек кітапшасынан үзінді беті



Үлкен атам қайтыс болған соң, атам Успенка ауданындағы газет орталығын басқарды. Көп әдебиеттер оқыған, мақалалары қазақ және орыс тілінде түрлі деңгейдегі баспаларына жиі шығып отырған. Атам қазақтың кең даласын жақсы көрген екен. Ашық міңезді, иманжүзді, парасатты тұлға болған. Кез келген адаммен бірден тіл табыса алған. Кітапқа деген зор махаббаты, туған жерге деген ыстық лебізі, өнерге деген қызығушылығы, шексіз еңбекқорлығы бір адамның бойында болғаны туралы қаншама уақыт өтсе де ауылдастары айтып отырады.

Тәуелсіз алғанға дейін уақытта әрине қоғамда орыс тілі басым болғаны туралы әкем айтып отырады. Успен ауданында тек Қаратай ауылында ғана қазақ мектебі болған екен. Атам сонда әкеме және де басқа балаларына әрдайым газет пен журналдарды туған тілде оқытатын екен. Құрманғазы атамыз бен Дина Нурпейсова апайымыздың кұйлері біздің шаңырақта жиі естілген. Ол саясаттын астарында үлкен үміт тұрған. Журналист мамандығын абыроймен асқақтатқан арғы атам мен атам менің әкемнің бойына сіңіре білген.

Жумадиров Каиржан Жумадировичтың үлкен ұлы Сарсенбай Каиржанович Алматы қаласында Жоғары партиялық мектебінде журналистика мамандығын бітірген. Мария Каиржановна апайым да Қазақ мемлекеттік университетін осы сала бойынша сәтті аяқтаған. Бүгінгі таңда апайым баспа және полиграфияның құрметті қызметкері.























3 тарау. Жумадиров Амангельды Серикович туралы ақпарат жинау және жүйелеу

Менің әкемде ата-бабаларының жолын жалғастырды. Мектеп қабырғасында оқушы болып жүргенде түрлі мақалалары жарық көрген екен. Бүгінгі таңда әкем «Казтелерадио» саласында қызмет көрсетуде. Әкемнің журналистика саласында жасаған зор еңбектері бағаланып, талай марапаттардың иесі бүгінгң таңда.


Жумадиров Амангельды Сериковичтың (8 сынып оқушысы) алғашқы мақаласы

Жумадиров Амангельды Серикович және Павлодар облысының әкімі Б.Бакауов мырза

4 тарау. Серік Әліхан Амангелдіұлы туралы ақпарат


Мен, Серік Алихан Амангелдіұлы Павлодар қаласының №21жалпы орта мектебінде 6 «Б» сыныбында оқимын. Мектебім өзіме ұнайды, көп достарым бар.

Серік Алихан Амангелдіұлы достарымен


Мен болашақта журналистика саласындағы замануи бағыт бойынша білім алғым келеді. Ол деген не?. Менің армандарымның бірі кез келген құнды ақпаратты IT технологиясы бойынша саралау, жинақтау, мәңгілікке сақтау. Зерттеу жоба барысында мен және менің жетекшім Есмакаева Гульмира Болатовна үлкен қиындықтарға тап болдық. Ол: ақпараттың жоқтығы, туған тілдің тапшылығы, интернет-ресурстың мүлдем осы бағытта жұмыс жасамауы. Қалалық және облыстық архивтермен де хабарластық, алайда нәтижесіз болды сұранысымыз.

Егерде мектеп қабырғасында әр оқушы, әр ата-ана ата-бабалары туралы белгілі критерийлер бойынша аздап болсада ақпаратты жинап, тиісті органдарға тапсырса, ол жерде электрондық нұсқалары жарық көріп, қаламыздың талай талай көшелерінде электрондық таблоларда есімдер рет ретімен шығып отырса, нұр үстіне нұр жауар еді.

Мен IT бағыты бойынша бағдарлама шығарғым келеді. Ол бағдарлама келесі функцияларды атқарса:

Ортақ электрондық жүйеге түскен құнды ақпарат бірден тіркеледі;

Қаланың бас көшелерінде, дүкендерде, демалыс орындарында, мектептерде бірден Ұлы тұлғалар туралы ақпарат шығып отырады;

Әр ақпарат белгілі уақыт аралығында таблода сақталады;

Ақпарат бірнеше тілде болады;

Барлық нүктелерде бірдей хабарлама беріліп отырады.


Армандаған сала бойынша тиісті білім алған соң, туған өлкемде цифрлік таблолар жасаймын деп мақсат қойдым. Әрине бағдарлама жүесін іске асыру үшін көп еңбек етемін деп уәде беремін. Осындай жұмыс атқарылып отырса, біздің тарихымыздың талай беттерін толықтыруға болар еді, сонымен қатар мемлекетімдегі кең етек алып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының дами түскенін бірден көзіміз жетер еді.













Қорытынды


Жумадиров К.Ж., Жумадиров С.К. туралы ақпараттар негізінен фотосуреттер, ескі құжаттар, еретедегі газеттердің үзінділерінен алынды.

Кейбір құжаттарды Успенка ауданындағы «Огни села» газетінің редакциясынан алдық.

Барлық біздегі ақпараттар кезеңдері бойынша тізбектелген. Мақсатымызға толық жеткен жоқпыз, себебі зерттеу барысында ақпараттың жеткіліксіз екеніне тағы да көзіміз жетті. Алайда осы жұмысты орта жолда тастап кетпеймін. Аудандық редакцияға барып, тағыда бір талай ақпарат жиналады деген үмітім бар.

Біздің гипотеза «Отбасылық журналистік кызмет қанмен беріледі» деген тағы бір дәлелі, менде журналистика саласында қызмет етемін дегені.

Ағылшын ақыны Арнольд Мэтью: «Журналистика – жөл- жөнекей жазылатын әдебиет» деген екен. «Құрғак ақпаратты» мақала деңгейіне жеткізу тек журналистің біліктілігімен өлшенеді. Өткенді сараптау, қорытындылау онай, болашақ туралы армандап, жоспар құру жеңілдеу, ал өз заманың туралы ой қозғау қиынның қиыны.










Әдебиеттер тізімі


  1. Абрахманова Мария Каиржановна - қызы, апайы.

  2. Төлеген Жұмадіров ұлы.

  3. Успенка ауданындағы «Огни села» газетінің орталығы.

  4. Отбасылық құжаттар (оригинал, сканер нұсқасы)

  5. Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті, 2014 жылы, 04/05.

  6. Успенка ауданындағы «Заря коммунизма» газетіндегі тақырыптық стендтер.

Сохранить у себя:
Отбасымның бренді- журналистика

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки