Өмір-өмір сүру үшін беріледі

Өмір-өмір сүру үшін беріледі адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жирену.

Содержимое разработки

Өмір – өмір сүру үшін беріледі

Мақсаты: адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жирену. Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Сабақтың түрі: Тренинг-сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, стикерлер, үнтаспа, үлестірмелі қағаздар, тілек ағашы.
Сыныбы: 10 сынып.

Тренинг барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін таңертең кім айнаға қарады, айнаға қараған болсаңдар қолдарыңды көтеріңдер, ал айнаға қарамаған болсаңдар ештеңе етпейді. Дәл қазір бір-бірімізге қарап әсемде, әдемі күлкімізді сыйлаймыз, бір-біріңіздің арқаңызды қағып құшақтаңыздар.

Кіріспе сөз:
Құрметті оқушылар! Өмір – ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім? Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан ата-анамызды ренжітпеуіміз керек, айтады ғой, «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың»-деп. Себебі, біріншіден ол саған өмір сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбилеп өсірді. Саған анаң осындай баға жетпес сый сыйлады, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле-білсең сонысымен қымбат. Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарынтасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайберді атамыз:
Дүние қу
Бірі ағын су
Түстік онда көп болып
Күнде ағамыз
Сандаламыз
Бейнетіміз көп болып
Кейде тасқа
Кейде ағашқа
Соқтығамыз дөп келіп,- дейді.
Демек, өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді қоршаған ортаны танып-біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат мұратымызға қол жеткізе аламыз.

1. «Танысу» жаттығуы.
Жүргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады және де өз есімдерін кім қойды, не себепті қойды айту керек. Егерде өз есімін кім қойғанын ата-анасынан, ата-әжелерінен сұрамаған болса өз есіміне көңілі тоғанын көрсетеді.

2. Өміршендік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген – Мен
2. Күш деген – Мен
3. Махаббат деген – Мен
4. Кешірім деген – Мен
5. Құдірет деген – Мен
6. Жасөспірім деген – Мен
7. Жастық шақ деген – Мен
8. Денсаулық деген – Мен
9. Адалдық деген – Мен
10. Жарқындылық деген – Мен
11. Бар ғажайып деген – Мен
Хормен:
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда

3. «Мейірімділік алаңы» жаттығуы.
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.

4. «Саңырау телефон»
Нұсқау: Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б. және өз пікірлерін ортаға салады.
Үлестірмеде: Мен өмірді таңдаймын.

5. «Жыпылық» ойыны
Мақсаты: Қарым-қытынасты, шапшаңдықты, сергектікті нығайту.
Нұсқау: Ойынға 20-24 оқушы қатысады. Ішкі шеңберде он екі адам отырады. Ал сыртқы шеңберде он екі адам тұрады, сол бірінші шеңбердегі адамдардың артында тұрады. Сыртқы шеңбердегі бір адам көзін жан-жанындағы адамдардың біріне жыпылықтатады, ал сол ішкі шеңбердегі адам орнынан тұрып үлгеру ерек. Егер де ішкі шеңбердегі адам үш рет тұрып үлгермесе өз өнерін көрсетеді.

6. «Күлдіру» жаттығуы.
Мақсаты: Мақсатқа жету, зейінді шоғырландыру.
Нұсқау: Ортаға 8 оқушы шығады. 4 оқушы орындықта отырады, ал 4 оқушы жанында тұрады. Жанында тұрған 4 оқушы орындықта отырған оқушыларды күлдіру керек. Ал кейін орындарын ауыстырады.
Талқылау: Күлдірген оңай болды ма, әлде күлу ма?

7. «Мендей биле» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй орнату.
Нұсқау: Жаттығуға 15-20 оқушы қатысады. Сол оқушылардың ішінен бір лидерді сайлаймыз. Керемет музыка қойылады, барлық оқшылар лидердің билеген биін қайталауымыз керек. Лидер сайланбай тұрып сыныптан бір оқушы сыртқа шығып тұрады. Оқушылар биін бастағанда сырттағы оқушы кіріп кімнің биін қайталап жатқанын, яғни лидердің кім екенін табуы қажет. Таба алмай қалған жағдайда өз өнерін көрсетеді.

8. «Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стрестерінен арылту, ашық болуға үйрету.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында үлестірмелер жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар үлестірмелерде жауап берулеріңді сұраймын.
Үлестірмедегі сөйлемдер
— Ең үлкен қорқыныш – бұл…
— Мен мынадай адамдарға сенбеймін…
— Мен ренжимін, егер…
— Мен ұмытпаймын, егер…
— Маған көңілсіз, егер…
— Егер маған дауыс көтерсе, мен…
— Мен қарсыласқанда…
— Егер мен сенімсіз болсам…
Талдау:
1. Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз?
2. Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
3. Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?
Жағымды және жағымсыз эмоцияларға да тағамның әсері тиеді:
Кім жақсы көңіл-күйде жүргенді қаласа
Құлпынай өте дәмді және жағымсыз эмоцияларды бейтараптандырады.
Мөлшері,кем дегенде 150 грамм.
• Банандардың құрамында серотонин бар- бұл химиялық зат миға «СІЗ БАҚЫТТЫСЫЗ» деген сигнал беру үшін өте қажетті.
«Өмір дегенің»
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.
Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жаамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
— Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
— Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
— Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
— Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып:
— Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!

Ф.Тайтелиевтің «Тамаша өмір сүрудің 10 кілті» кеңестерін талқылау.
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1. Өзіңді таны – Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.
Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір дүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.
5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.
Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарылай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да … Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9. Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру … Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.
Шүкір етуді ұмытпау керек!

Релаксация. «Мен бақытты баламын».

Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:
— «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»
Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.
— «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып , ең жақын досыңа сыйла».
Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтып, өздерінің көңіл күйлері жөнінде әңгімелеп,
стикерге бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына арнап тілектерін жазып «тілек ағашына» іледі.

Сохранить у себя:
Өмір-өмір сүру үшін беріледі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки