Методическая помощь учителям географии, использование стихов выдающегося казахского поэта М.Макатаева на тематических уроках по географии

Помощь учителям географии для более расширенного описания красоты изучаемого географического объекта Материал предоставлен на казахском языке.Словами поэта расскрываются и описываются различные природные комплексы Казахстана: бескрайние степные просторы, красота высоких гор Алтая и самой высокой точки казахстанского Тань-Шаня Хантенгри, и когда-то бывших гор, а сейчас мекосопочник Сарыарка. С нежностью описываютя реки Жаик, Сырьдарья несущие жизнь человеку. Используя стихи этого поэтами проникаешь и живешь на этих географических объектах.

Содержимое разработки

Жұмагереев Ерментай Сапанұлы, БҚО, Жәнібек ауданы, №1 мектеп-лицей КММ, география-биология пәні мұғалімі

Cот. 8 777 061 73 62












Мұқағали өлеңдері – география сабағында

М.Мақатаев – қазақ поэзиясының табиғат лирикаларында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын.Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидің табиғат лирикасын ақын лирикасындағы туған жер келбеті, өлен өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп тануға болады. «Бізде туған жер туралы ән де, өлең де аз емес. Ал соның ішінде М.Мақатаевтың туған жерге арнап жазған өлеңдерінде өзгеше жылу, сыршылдық, жан-жүйені шымырлатар қасиет бар. Қай-қайсымыз болсақта толқи, тебірене әндеткіміз келіп тұрады. Мұнда туған жер туралы өлеңдерінде сырт шолу, жадағай желпіну, жер байлығын жалпылай атап, жадағай тамашалау жоқ та, іштей сүйсіну, құштарлану, толғану бар » деп ой түйіндейді қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынова. М.Мақатаевтың туған жер мен табиғатқа байланысты өлеңдері: «Апыр-ай, туған жер-ай», «Дөңгелек жер», «Рахмет, дала», «Қазақ жері», «Жетісу», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды», «Сарыжайлау», «Қайран, Қарасазым-ай», «Осынау шуақ шашқан кең өлкеде», «Туған елге», «О, туған ел», «Айхай, дала», «Аякөз - Ару», «Ата Жайық», «Хантәңірі», «Шардара», «Тоғай төңірегінде» және «Алтай - Атырау» поэмасы. М.Мақатаевтың «Алтай - Атырау» поэмасының Қазақстанның география пәнін оқытуда алатын орны зор. Бұл поэмадан Қазақстанның шығысынан батысына дейінгі ірі табиғат кешендерін суреттеудегі ақынның асқан шеберлігі мен дүниетаным биіктігі көрінеді. Қазақстан географиясындағы ірі табиғат кешендері – Тянь-Шань таулы өлкесі, Алтай, Сарыарқа, Батыс Сібір жазығы (Қазақ жазығы), Торғай үстірті, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, табиғат зонасы және табиғат байлықтарын ақынның «Алтай - Атырау» поэмасы арқылы түсіндірдім. Тақырыпты қарапайым тілден гөрі поэтикалық тілмен түсіндіру оқушылар ой-өрісінің дамуына әсері мол.

Ақын туған жері Тянь-Шань таулы өлкесі туралы:

О, Жетісу!

Сандық тау сандал белім,

Шоқтығы өсіп, жан бітіп, жанданды елің.

Күнім туды көгінде самғар менің,

Алатаудан биікпін демеуші едім.

Алатауым төменде қалды-ау менің.

Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!

Немесе:

Шыңңың мен танымаймын аласасын.

Төбе де аласамен таласасың.

Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай

Кайсың Хантәңірімен жанасасың?

Дей келе Тянь-Шань Қазақстандағы ең биік тау екенін, оған басқа таулардың биіктігі теңесе алмайтынын атап өткен.

Байлықты айтып несіне мақтанамын,

Балақ қойын несіне ақтарамын.

Жетісудың байлығы білмес болсаң.

Бір уыс топырағын ап қарағын

Екі құлақ, естісем керең болсын.

Егіншінің бұл жерін баттағанын,

Айналайын, Жетісу – аппақ арым,-

Мұқағали Жетісудың табиғат байлығын бір уыс топырағына қарап ажыратуға болатынын ескерген. Иә, әр табиғат кешені өзінің табиғат құрам бөліктері –мен ерекшеленеді. Демек, топырақ сол жердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің байлығын айқындайды.

Қазақстанның шығысында кең алқапты Алтай таулы өлкесі туралы:

Құсыңды бұр, ұшқышым Шығысыма,

Сәлем берем Алтайда туысыма.

Шығысыма тарт мені ырысыма,

Сірә де, Клодайк, Аляскалар,

Толар ма екен Алтайдың уысына!?

Шығысыма тар менің Шығысыма

Сағынышын Катонда қарындастың,

Түйіп кетем жырымның бір ұшына.

Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?

Шығыстағы кішкене Байқалым ба?

Айдынына мәңгілік ескерткіш қып,

Қаламымды тастармын қайтарымда

Қаласа алсын Марқакөл, Зайсаным да.

Клодайк пен Алясканы қосқанда Алтай тау жүйесіне жетпейтінін көрсеткен, ал, Марқакөл мен Зайсан көлдерін суреттегенде ерекше заңдылық байқалады. Көлдердің Байқал көліндегі пайда болған тектоникалық қазан шұңқырда орналасқанын, ағынды көлдер екенін байланыстырған. Ертіс өзенінің Батыс Сібір жазығын дәл ортасынан бөліп өтетінін, сол жерге тән табиғи ландшафт түзілуіне әсерін және ағыс жылдамдығының баяулылығын былай деп сүреттеген:

Самға, ұшқыш!

Ертістің ағынымен.

Екі жағы Ертістің бауыры кең,

Айдың Ертіс, ақ Ертіс жырауда,

Айналасын өзінің сауырымен.

Осы өлкені осы Ертіс асырайды,

Осы өлкенің Ертісі басынбайды.

... Аялап ұш, аяулым, ойналып ұш

Сонау жатқан жасыл көл – Жасыбайды.

Айқай, заман!

Арқаның даласын-ай,

Даласына қаласы жарасуы-ай!

Павлодар – Арқаның ағысындай,

Бұғып қалған Жаутаңкөз –Жасыбайы,

Бабалардың құт құйған сабасындай.

Қайтіп, Ертіс арнаңда ағасын жай?

Сұрапылды сапырып, аласұрмай?!

Ата-бабамыз құтты жер деп санайтын Сарыарқада орналасқан Қазақстанның негізгі отын базасы Қарағанды көмір алабы жайлы ақын:

Армысың, аты әйгілі Қарағандым!

Жылуым, қара алтыным, қара наным,

Кімдердің пальмасынан артық маған,

Базарған көде, жусан, қарағаным,

Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап,

Алдында екі ініңнің бетің аппақ.

Өзегіңді екі алып жарып шығып,

Төсіңді сорып жатыр екі жақтап,

Қап-қара, Қарағандым, бетің аппақ,

  • деп, Қарағандының кокстелетін көмірлерінің республикадағы алатын орнын және Балқаш пен Жезқазған зауыттарын негізгі отынмен Қарағанды көмірі қамтамасыз ететінін жырлаған Қарағанды облысы шөйлетті зонада орналасқан, ірі өзен жүйелері жоқ. Сондықтан академик Қаныш Сәтбаевтің басқаруымен Ертіс – Қарағанды каналы салынды. Мұны поэмада ақын былай деп бейнелейді:

  • Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды,

  • Сусындатпақ шөлдерді, далаларды.

  • Ертіс құлап келеді, сүйінші бер,

  • Сүйінші бер, сүйікті Қарағанды!

  • Сонымен бірге М.Мақатаев Қазақстанның ең сұлу жері Көкшетауға ерекше назар аударды :

  • О, ғажап!

  • Өзіңбісің Көкше деген?!

  • Тастарын жиған жүктей текшеленген,

  • Бурабай Оқжетпесті өкшелеген.

  • О.ғажап!

  • Өзіңбісің Көкше деген?!

  • Бұлттарың – Ақын айтқан көшпелі өлең,

  • Біржан ба, тасқа барып өскен емен?!

  • Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?!

  • Сәкеннің аққулары кестеленген.

  • Ақаның ардақ еді өскен ерен,

  • Біржаның алмас еді кеспе берен.

  • Ақын Қазақстанның байлығы шөлейт зонада орналасқан Каспий маңы ойпатын былай суреттейді:

  • Армысың, Атырауым, бозан далам! Каспий менен Жайықтан көз алмаған. Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді? Құлан жортса, құмыңды кезе алмаған, Жылан жайлап, апатқа төзе алмаған. Армысың, Атырауым, бозан далам! Қайда кеткен сағымың көз алдаған?! Арманменен, елеспен ажарланған? Амаңсын ба, от далам, ажар далам? Түйе орнына бұл күнде ақ қалалар. Мұнаралар мойынын созар маған,-

  • деп шөлейт зонасына тән ландшафты жырлай келе, адам қолынан өркендеген өзгерістерге тоқталады. Адам назарын аударатын және адам тіршілігімен байланысты, адамзат болғалы келе жатқан өзендер поэмада тыс қалмаған. Ақын Жайық өзенін былай жырлайды:

  • Ерке Жайық – елімнің қарашығы, Егізінің сыңары анасының, Күн ойнатып,көгінен кете алмайтын, Төрі осы қазақтың даласының. Байлығы ма Байлығы таусылмайды, Алсын нанын, етін де, алсын майды. Бұл өлке-жиылмаған дастарқандай, Жиегін мәңгілікке қаусырмайды.

  • Сағыз, Жем, Сырдария өзендеріне ерекше мән береді.

  • Жан бітірген далаға, адамына,

  • Сағыз толқып, Жем тасып бара жатыр.

  • Жан бітіріп тарының сабағына, Қызық жайлап, қызық боп жатыр, міне.

  • немесе:

  • Аралыма құлаған Дария – Сыр,

  • Дария – Сыр қазақтың қариясы.

  • Сырбойы күріштің қоймасы ма,

  • Қоймасы ма немесе дәм ұясы.

  • Дария – Сыр қазақтың қариясы,-

  • деп ақың поэмада бүкіл Қазақстанның негізгі өзен жүйелеріне мінездеме берген. Ақын поэмалары мен өлеңдеріне табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, өзінің сол табиғат перзенті екенін мақтан тұтады:

  • Тау дейтін алып жүрек Ана туған,

  • Мен – таулықпын!

  • Таудан мен жаратылғам.

  • Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,

  • Қуатын алып қыранның қанатынан.

  • Осылай табиғатқа құштарлықпен қарап, оған деген шексіз сүйіспеншілігін, ынтықтығын сездіріп отырады. Ақын өз өлеңдерінде табиғат сұлулығын ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жөнсіз құрып бара жатқанын да жырлады. Ендеше әрбір азамат өз табиғатын аялап, қорғауы қажет. «Тоғай төңірегінде» өленіңде адамдардың табиғатты шексіз тонап бара жатқанын айтып, жан айқайын сездіреді.

  • Тоғай еді Қарасудың ар жағы,

  • Қайда кеткен қамысы мен талдары?!

  • Не күзетіп, нені бағып жүр екен?!

  • Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны?

  • немесе:

  • Тау орманда,

  • Мына титтей тоғайда.

  • Топ-топ киік жайылатын...

  • (Сол ойда)

  • Үміт үзіп үріккен аң, ұшқан құс,

  • Енді қайтіп бұл өңірге жолай ма?!

  • Халқымыздың біртуар ақыны М. Мақатаев еліміздің батыс өңірлеріне де өзінің жүрек жарды жырларың арқау еткен.

  • Оралым-Ордам меңің таныс маған, Бораның Махамбет боп даустаған. Исатай ақ семсерін, Курман бабам,

  • Ұрпаққа домбрасын табыстаған, Жаса Орал, жаңа Орал, жасыл Орал. Көгіңнен көлкіп жаткан көлге үңілем Жібектей ауаңның жасы болар

  • немесе:

  • Ойылы ма бұл маңның ырғызы ма,

  • Бәрі дағы бергісіз қырмызыға.

  • Бір пенде бас имей өте алмайды,

  • Жерде жанған Шығанақ жұлдызына,

  • Сансыз сөлем, Ақтөбе үл-қызына.

  • Иә, Мұқағали Мақатаев адам болмысын ой мен сезім деп, жүрек пен тән деп екі жарып, екі бөлмей, адамды адам ғып тұрған гормониялық бірліктің түп тамырын дәл басып, дәл тапқан. Ақын – адам арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына арналған өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныш пен сағыныштан туған жырлар. Әрбір қазақ азаматы үшін Мұқағали өлеңдері мен жырларының үлкен тәрбиелік мәні бар. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие береді, олардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттырады, поэзиясы тілімен туған жерге сезімін дамытады. Мұқағали Мақатаев тамаша ақын ғана емес, Қазақстан жерін поэзия тілімен сипаттаған отангер географ.

Сохранить у себя:
Методическая помощь учителям географии, использование стихов выдающегося казахского поэта М.Макатаева на тематических уроках по географии

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки