Ғылыми жоба Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Жобаның тақырыбы:
“Математика сабағында жаңа технологияларды
пайдаланып оқушылардың өз бетінше
жұмыс жасауын ұйымдастыру.”
Дайындаған:
О.Бөкей атндағы №44 лицей математика
пәні мұғалімі. Опкебаева М.К
Өскемен қ, 2018
Мазмұны:
І. Кіріспе...............................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................................
1.1.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар...... .................................
1.2. Жаңа материалды игеру.................................................................................
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Кіріспе.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады:Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
\
Сабақтың тақырыбы-Тема урока-The theme of the lesson:
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту. Умножение десятичной дроби на десятичную дробь. Мultiplication of decimal fractions to a decimal.
Сабақтың мақсаты: Цель урока-The purpose of this lesson:
Білімділігі: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, слайд
Оқытудың әдісі: практикалық, үш тілде
Сабақтың барысы:
Ас мәзірі:
1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты (Қайталау сұрақтары:)
2. «Математикалық винегрет» (мазайка құру.)
3. «Біздің столдан сіздің столға» (“Қатесін тап”)
4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
Кітаппен жұмыс: №
5. «Рагу» полиглот
6. «Математикалық рулет» карточкалармен жұмыс.
7. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті
кім жылдам?
8. «Мерекелік шашу» торты Бағалау
9. «Мезим» Рефлексия
[pic]
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлеметсіңдер, здравствуйте, good afternoon.
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру. №1275, №1278 сұрақтар қою арқылы.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.
3. Есептер шығару.
Кітаппен жұмыс №1366
Карточкамен жұмыс (3 топқа есептер жазылған карточкалар таратылады)
Қатемен жұмыс
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма.
№1372,1373 ережелерді оқу.
[pic]
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу:
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:
- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау:
Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады:
- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру:
- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету:
- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек? Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.
Сабақтың параметрі
АКТ-ны қолданатын сабақ
Дәстүрлі сабақ ақпаратты беру оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады.Мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады.Мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады:оқушымен кері байланыс,түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады,ағымдық бақылау
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік
ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.
Жаңа материалды игеру
Сыныппен жұмыс.
Мұғалім графиктерді, суреттерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.
Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.
Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:
жаңа материалды игеру жоспарын;
аралық бақылау сұрақтарын;
толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады.
Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру
Фронталды сұрақ-жауап.
Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы оны дыбыстайды.
Оқушының өздік жұмысы.
Оқушы математика бойынша тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды игермей, келесіге көше алмайсың – компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге, нашар оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі бодады. Оқушының осы арадағы іс-әрекеті :
өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады;
сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды;
дәл осындай есепті дәптерде шығарады және шешуін компьютердегі «шпаргалканы» ашу арқылы тексереді;
мұғалім ұсынған осындай тапсырманы баға алу үшін орындайды немесе осындай есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді.
Практикум сабақтары.
оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады.
оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады, көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;
қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;
оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.
Оқушының өз бетімен жұмысы
Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс. Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі.
Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.
Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).
Білімді бақылау
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады.
Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін қалыптастыру;
білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.
Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.
5 сыныпта математика сабағында интерактивті тақтаны қолданып,
сабақтарымды өткіземін. Математика сабағынан алған теориялық білімдерін оқушыларға интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып бекітуді ұсындым. (Кез келген тақырыпты )
Сабақты 3 кезеңге бөлем.
1-кезең
бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді
оны жаңа сабақпен байланыстырады
пәнге деген қызығушылығын арттырады
2-кезең
- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді
- өз пікірлерін жеткізе алады
3-кезең
- оқушылар үйренгенін саралап өткізеді
- компьютер үдістері арқылы бір жобаға салады.
Осы кезеңнен кейін оқушылардың танымдылық іс-әрекетінің дамуының деңгейін анықтау кестесін қолданамын. Оқушылардың есеп шығару барысында қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріліп қиындығы әртүрлі есептер берген жөн.
«Алғырлар мен тапқырлар» математикалық сайысы.
Мақсаты: білімділік-оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету;
дамытушылық-ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік-оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке баулу, жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Барысы.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар және біздің сайысымызға қатысушы дарындылар! Математика пәні бойынша өткізілетін зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермен қауым! Бүгінгі «Алғырлар мен тапқырлар» атты зияткерлік сайысымызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: «Өмір деген көп мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатқан шулап,жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып.
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі-сайыс.
2-жүргізуші: Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Кәнеки, кім шығады сайысуға.
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық.
1-жүргізуші: Енді әрбір топ өздерінің тобымен, ұранымен таныстырып өтсін.
2-жүргізуші: Енді ойынымыздың шартымен таныстырып өтейік.
«Алғырлар мен тапқырлар» зияткерлік марафонының бағдарламасы
1-кезең «Бәйге» (10ұпай)
2-кезең «Көкпар» (жеңген топқа 10ұпай)
3-кезең «Полиглот» (3тілде 30ұпай, 2тілде 20ұпай, 1тілде 10ұпай)
4-кезең «Білім-ақиқат бастауы» (бұл турда ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру керек, ұяшықта ұпай саны көрсетілген)
5-кезең «Ұшқыр ой» (топ басшылар сайысы, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
18
6-кезең «Жорға» (15сұрақ, 1 минутта, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1-жүргізуші: Біз бүгінгі оқушылардың ой ұшқырлығы мен тапқырлығын сынау үшін еңбек ететін қазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер...
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың 1-кезеңі – «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз математикалық сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал мұқият болыңыздар!
Алымы 1-ге тең дұрыс бөлшек? (Аликвоттық бөлшек)
Екінің нешінші дәрежесі 8-ге тең? (3)
Қанша үш таңбалы сан бар? (900)
Жарты алманың жартысы неге тең? (1/4)
Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптарының саны бірдей, сыныпта неше оқушы? (29)
Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)
Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. (х)
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әбунасыр әл-Фараби)
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады? (аралас сан)
2-кезең «Көкпар»
«П», «С» әріпімен басталатын математикалық атауларды жазыңдар. Қай топ көп сөз жазса сол топқа 10ұпай беріледі. Сөздерді жазып әділ-қазылар алқасына бересіздер.
3-кезең «Полиглот».
1-жүргізуші:
Келді кезек тапсырманы шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Отыз ұпай, шәкірт, саған несібе.
Айдағаны ... ешкі, ысқырығы жер жарар. (бес-пять-файф)
Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес. (жетпіс-семьдесят-севенти)
Бір-бірімен жарысқан-
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі.
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз-восемь-ейч)
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш-карандаш-пенсил)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш-линейка-рулер)
Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып,
Қаға берер таңдайда
Әдетінен таңбайды. (сағат, часы, клок)
Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (мұғалім, учитель, тичә)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай.
(натурал сандар, натуральные числа, нейчрал намба)
2-жүргізуші:
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт.
Енді 4-кезең «Білім-ақиқат бастауы» сайысына кезек береміз.
(Слайдтан 2 жүргізуші сұрақты кезектесіп оқиды.)
1-жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың «Ұшқыр ой» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың бұл кезеңінде топ басшылары 1минутта 14 сұраққа жауап беруі керек. (Бір топ басшыны сыртқа шығара тұрамыз)
2-жүргізуші:
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір қазылар алқасы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Әділ-қазы алқасының шешімі дайын болғанша 5 «в» сынып оқушысы Нұрланқызы Сабинаның орындауындағы тамаша әнді тыңдаңыздар.
1,2-жүргізушілер:
Осымен кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
[pic]
[pic]
ІІІ.Қорытынды:
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
«математика және физика » журналы №4, 2007 жыл