Математика, информатика және физика шығармашылық күндерінің жабылуы

Математика,информатика және физика пәндерінің шығармашылық күндерінің жабылу салтанатының жоспары

Содержимое разработки

Тақырыбы: “МИФ он күндігінің жабылуы”

Ашылуы : ән.

1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздарымыз бен құрметті оқушылар ! Бүгінгі «МИФ» шығармашылық күндерінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Математика, информатика физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді, – дей отырып шығармашылық күндердің ашылу салтанатында өткізілетін іс-шаралардың болжамымен таныстырған болатынбыз, ал енді шығармашалақ күндерде өткізілген іс-шаралардың қорытындысымен таныс болайық.

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар Өскемен қаласы Оралхан Бөкей лицейінде «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...» атты математика, информатика, физика пәндерінің шығармашылық күндерінде өткізілген іс-шаралардың қорытындысымен таныс болайық: 6 қарашада акт залында математика, физика, информатика пәндері айлығының ашылу салтанаты өтті, 14 қараша күні физика пәнінен 305 кабинетте жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақ өтті. 17 қарашада 305 кабинетте сағат 12.50 де Мұғалімдер арасында «Где логика?» атты интеллектуалды сайыс өтті. 21 қараша күні сағат 12.50де 7-сынып оқушылары арасында «Қызық times» интеллектуалды ойыны өтілді. 22 Қарашада математика, информатика және биология пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ өтті, 23 қарашада кеңейтілген математика бағдарламасы бойынша 305 кабинетте ашық сабақ өтті, 24 қарашада Ғылыми-практикалық конференция өтті, 24 қарашада «Макет құру» тақырыбында үйірме жұмысы көрсетілді, 28 қарашада кеңейтілген математика бағдарламасы бойынша ашық сабақ өтті. Үзілістер арасында математика, информатика және физика пәндерінің аәд пәнімен, орыс тілі пәндерімен, технология, география, биология, денешынықтыру пәндерімен байланысы көрсетілген шаралар өтті. Назарларыңызға рахмет.

1- жүргізуші:

Асу асу белдерден асып жатқан

Асқар биік таулардын артында жатқан

Әсем де шұрайлы жерде Оралхан Бөкей білім ордасы орналасқан. Сол білім ордасында МИФ пәндерінің шығармашылық күндері өтуіне байланысты нақты ғылымдар төрінде математика патшасы – Пифагор, физика патшасы – Ньютон және информатика патшасы – Билл Гейтс келіп қатысқан екен. Сол шығармашылық күндердің өтуінен бір үзінді көрейік.

О.Бөкей білім ордасы орналасқан.Сол білім ордасында МИФ пәндерінің шығармашылық күндерінде ғалымдар келіп қатысқан екен.

3 оқушы отырады.

1 оқушы фигура жасай алмай отырады. 2 оқушының басына алма құлап түседі, ал 3 оқушы компьютер бөлшектерінен компьютер құрастыра алмай отырады. Сынып жетекші келеді.

1 оқушы. Мұғалім ,мына фигураны құрастыра алмай отырмын. Маған үй тапсырмасына мына фигуралардан сфера жасап алып келу керек еді.

2 оқушы. Менің басыма алма құлады,не себепті ол менің басыма басыма құлады? Неге алма жерге құлайды? Түскен алма неге ұшып кетпеді?

3 оқушы: Компьютер бөліктерін ұстап отырады:

Мен жаңалық ашқым келеді, Жаңа компьютер құрастырғым келеді Басым қатып кетті Кімнен көмек сұрасам екен?

Сынып жетекші: Мен бұл сұрақтардың жауабын білмеймін.Бірақ біздің білім ордамызда «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...» МИФ пәндерінің шығармашылық күндерінде Математика патшасы – Пифагор, физика патшасы – Ньютон, информатика патшасы – Билл Гейтс қонақта жүр. Сол кісіледі ортамызға шақырып көмек сұрайық.

Музыка ойнайды.

1-жүргізуші. Математика патшасы – Пифагор, физика патшасы – Ньютон, информатика патшасы – Билл Гейтсті шақырамыз.

Тәжірибелер көрсетеді.

Пифагор: Ал, енді балалар біз сендердің білімді, ақылды, дарынды екедеріне көзіміз жетті. Шығармашылық күндерге белсенді қатыстындар. Сендерге болашақта білім шыңынан көрінулеріне тілектеспіз. Бізді басқа білім ордасында күтіп отыр, сондықтан келесі жылы кездескенше дейміз.

1-жүргізуші. Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

2- жүргізуші. Марапаттау

  1. жүргізуші. Енді сөз кезегін лицей директоры Т.Қ. Түменбаевқа беріледі.

2-жүргізуші: Осылайша біздің «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...» атты сиқырлы патшалығымызға саяхатымыз аяқталды.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

1 жүргізуші: 

Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе МИФ пәндерінің шығармашылық күндерінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгенлерінізге көп рақмет!
Қош сау болыңыздар.

Сохранить у себя:
Математика, информатика және физика шығармашылық күндерінің жабылуы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки