Математика, информатика, физика апталығының ашылу жиыны
Тақырыбы: Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...
Мақсаты:
• Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;
Шығармашылық күндердің міндеттері:
• Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
• Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;
• Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;
Президент өз тағында отырады.
Білім министрі:
-Дат тақсыр
-датың болса айт
- Президент ханым, сіздің президент болып сайлану құрметіңізге Оралхан Бөкей білім ордасында «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...» атты айлық өтпекші соған рұқсатыңызды беруіңізді сұраймын.. Айлықты 30 күн ойын, 40 күн той қылып өткізбекшіміз! Бұл айлықта оқушыларымыз өзінің білімін, өнерін ортаға салады.
- Рұқсатымды бердім, ал қазіргі ХХІ ғасырдағы білімді де тәрбиелі оқушылырымыздың өнерін тамашалайын.
Ән. Тойла
Жүргізуші:
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі жиын төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Жар саламыз сіздерге
Ашылуы күндердің
Шығармашылық шыңында
Математика
Информатика
Физика
Пәндерін сүйіп сен тыңда
Айлығымыздың жоспарын
Танысып білмей сен тұрма
Бәріне қатыс ат салыс
Жеңімпаз бол тек алға!
Жүргізуші:
Математика – это язык, на котором говорят все точные науки: физика и астрономия, информатика и математика. Все физические законы записаны математическими формулами. Все законы движения планет, звёзд и галактик подчиняются математическим законам.
Жүргізуші: ағылшынша
You are welcome, dear participants of creative days MIF ( mathematics, informatics and physics).
Жүргізуші:
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.
Жүргізуші:
Сегодня вспомнишь формулу Герона,
Какую ты не раз писал.
Ты вспомнишь также и Ньютона,
Бином которого познал.
Пусть в памяти твоей воскреснет Архимед,
Сражённый за великие творенья.
Пусть вспомнится известный всем Виет,
Открывший формулу для уравненья.
Так, цифра и число едины в мирозданье,
Два величайших человеческих созданья!
Жүргізуші:
Amazing computer science!
The Computer science is a technique and our future!
Білім министрі: Құрметті Президент ханым! Сізді құттықтауға сонау Грекиядан Архимед, Ньютон, Пифагор келіп тұр. Құттықтау сөздерін тыңдауға рұқсат етіңіз!
Пифагор :Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Ньютон: Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
Архимед: Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
Жүргізуші:
6 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Оралхан Бөкей білім ордасында өтетін іс-шаралар болжамына назар аударайық. Құрметті мұғалімдер мен оқушылар Өскемен қаласы Оралхан Бөкей лицейінде өтілетін «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...»атты математика, информатика, физика пәндері апталығының жұмыс жоспарымен таныс болыңыздар: Шығыс Қазақстан облысында күн райы тамаша 6 қарашада акт залында математика, физика, информатика пәндері айлығының ашылу салтанаты өтуде, Онтүстік Қазақстан облысында күн райы жылы 17 қарашада сағат 15.00де акт залында 7-сыныптар арасында «Қызық times» интеллектуалдық ойыны өтіледі деп күтілуде, Солтүстік Қазақстан облысында күн райы тамаша 17. Қараша күні 305 кабинетте сағат 13.00де мұғалімдерге арналған «Где логика?» отырысы өтеді деп күтілуде,Батыс Қазақстан облысында күн райы тамаша 25 қараша күні акт залында сағат11.00де 5-сыныптар арасында Математикалық КВН өтеді деп күтілуде, Өскемен қаласында күн райы керемет, 30 қараша күні сағат 12.00де акт залында «МИФ әлемінде» атты қорытынды кеш өтеді деп күтілуде. Назарларыңызға рахмет.
Ауа райы болжамымен таныстырған ............
Ән.
Президент: Құрметті ұстаздер мен оқушылар! Менің құрметіме ұйымдастырып жатқан мерекелеріңізге рахмет! Өткізілетін шараларға барлықтарыңыз ат салысып, белсенді қатысады деп ойлаймын. Өткізгелі отырған шараларға сәттілік
Жүргізуші:
Жұма күні апталықтың қорытындысы шығарылады, ең белсенді, жеңіске көп жеткен сынып «Миф әлемінде» математикалық кешінде марапатталады. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар. Барлық сыныптарға сәттілік тілейміз!