Масса ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты. Радиоактивті ыдырау заңы.

Жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ, қалған Δm қалдық ядроның масса ақауы деп аталады.

Ядроның беріктігін масса ақауына сәйкес келетін EE=Δmc2 энергия шамасымен сипаттайды. Оны ядроның байланыс энергиясы дейді. Байланыс энергиясының бірнеше анықтамалары бар.

Жеке бөлшектер бірігіп ядроны құрағанда пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.

Содержимое разработки

Пәні: физика

Сыныбы: 9

Күні: 16.03.2018 ж.

Сабақтың тақырыбы: Масса ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты. Радиоактивті ыдырау заңы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік- Масса ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты. Радиоактивті ыдырау заңы туралы мағлұмат беру

Дамытушылық- тақырып бойынша есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік- оқушылардың тақырып бойынша оқып-үйренуге,есептер шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі,баяндау,тірек-сызбалар,есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: сурет,тірек-сызба,формулалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу

Сынып тазалығын,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Нуклондардың арасындағы гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай?

2.Ядролық күш дегеніміз қандай күш?

3.Ядролық күштердің қасиеттері қандай?

4.Масса ақауы дегеніміз не?

5.Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем алынады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ, қалған Δm қалдық ядроның масса ақауы деп аталады.

Ядроның беріктігін масса ақауына сәйкес келетін EE=Δmc2 энергия шамасымен сипаттайды. Оны ядроның байланыс энергиясы дейді. Байланыс энергиясының бірнеше анықтамалары бар.

Жеке бөлшектер бірігіп ядроны құрағанда пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.

Ядроның орнықтылығын сипаттау үшін меншікті байланыс энергиясы деген шама енгізіледі. Бір нуклонға келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы дейді.

Радиоактивті құбылыс альфа-,бета-, және гамма- сәуле шығару процестерімен сипатталатынын білдік, α-сәулеленуі гелий атомдары ядроларының ағыны, β-сәулеленуі өте жылдам электрондардың ағыны, ал γ-сәулелену электромагниттік толқын екені эксперимент жүзінде дәлелденді.

Ядролар ыдырағанда мына екі заң үнемі сақталады:

1.ыдырайтын ядроның зарядтық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің зарядтық сандарының қосындысына тең

2.ыдырайтын ядроның массалық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің массалық сандарының қосындысына тең.

IV.Сабақты бекіту

45- жаттығу

V.Қорытынды

1.Масса ақауы дегеніміз не?

2.Байланыс энергиясы деген қандай энергия?

3.Байланыс энергиясы мен масса ақауының арасында қандай тәуелділік бар?

4.Меншікті байланыс энергиясы қандай энергияны айтады?

5.Радиактивті сәулеленулерге нелер жатады?

6.Гамма сәулеленуінің табиғаты қандай?

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы

Масса ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты. Радиоактивті ыдырау заңы.

46-жаттығу




Сохранить у себя:
Масса ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты. Радиоактивті ыдырау заңы.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки