Критериалды бағалау – сапалы білім негізі (Коучинг сабағы)

Мастер класс для преподавателей на тему: Критериальное оценивание - основа качественного образования

Содержимое разработки

Алматы қаласы білім беру басқармасының

«Алматы мемлекеттік

көлік және коммуникациялар колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

Государственное коммунальное казенное предприятие

«алматинский государственный колледж транспорта и коммуникаций»

Управления образования

города Алматы



Бекітемін

Директордың ОӘЖ

орынбасары

Жесекбаева А.К.

______________

«___» __________ 20 __ж



КОУЧИНГ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі


Оқу тапсырмаларының мақсаттары мен міндеттері:

Коучингтің мақсаты:

Өз әріптестерімнің тәжірбиесін жетілдіру мақсатында оларға оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау жөнінде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігін арттыруда қолдау көрсету. Мұғалімдерді берілген идеямен қызықтырып, кәсіби әлеуетін арттыру және жаңа тәсілдермен оқыту тәжірбиесін жақсарту.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

.Қалыптастырушы бағалау түрлерімен танысады. Бағалау түрлерінің мақсатын анықтауға және негіздеуге үйренеді. Оқу сапасын бағалау арқылы жақсартуды тәжірибе жасау арқылы үйренеді.

Негізгі идеясы: 

Сабақтың сәтті өтуі - оның нақты жоспарлануы. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Оқу материалын меңгерту деңгейі

Мұғалімдердің білуі тиіс: Критериалды бағалаудың тиімді  әдіс–тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады

Білігі

Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу.

Пайдаланатын әдіс тәсілдер

Тренинг, топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс

Құзіреттілігі

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау жөнінде теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігін арттырады

Оқу-әдістемелік кешен және техникалық құралдар

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

Ресурстар

Суреттер, постер, маркер, стикер, мәтіндер, критериалды бағалау кестелері.

Техникалық құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, слайд


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Уақытты өлшеп бөлу

I

Ұйымдастыру кезеңі:

4 мин.

Мұғалімдермен амандасу. Коучингке қатысушы мұғалімдерді ортаға шақыру.

Тренинг.(Жақсы психологиялық ахуал орнату) «Мен қандаймын?». Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып, өзінің есіміне сын есімді қосып қандай екенін айтады. 

Мұғалімдерді керекті заттарды таңдату арқылы екі топқа бөлу . Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды және топ атын, топ ұранын құрастырады.

II

Білімді тарату мен жүйелеу

1 мин

Бүгінгі коучинг сабағымызды В. А.Сухомлинскийдің мына бір жақсы сөзімен бастағалы тұрмын: «Сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы, интеллектуалдық байлығының өлшемі, ой - өрісі мен білгірлігінің көрсеткіші».

III

Жаңа сабақты түсіндіру

5-10 мин


Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.

Білім сапасын көтерудің  бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе-оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.

Критериалды бағалаудың  екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.

Жиынтық бағалау(Сумативті бағалау) - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару.

Қалыптастырушы бағалау (формативті бағалау) – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің  басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

1. Постермен жұмыс. Астананың 20 жылдығына орай Астананың символы Бәйтеректің суретін салғызу. Екі топ арасында постер қорғау сәті

Қазақстанның ұлттық құндылығы - Рухани жаңғыру. Осыған орай жаңа идея қосу.

Мұғалімдерге бағалау кестесінің үлгісін ұсыну.

2. Сергіту сәтін жүргізу. (Қызыл өрік биіне билеу)

3. Мәтінмен жұмыс. «Джигсо» арқылы мәтінді талқылайды.

4. «Ойлан тап» ойыны арқылы берілген суретті анықтау


















10 мин





3 мин

5 мин

3 мин


ІV

Кері байланыс. Сабақты қорыту.


5 мин

Мұғалімдер таратылған стикерлерге өз пікірерін жазады

V

Рефлексия. «Кезбе тілші» әдісі арқылы көрермендер пікірін тыңдау

4 мин


Құрастырған: ______________ Дюсенова А.Б. «___» _____________ 20__ ж

Келісілді:

ЦӘК төрайымы ____________ Баймухамбетова Г.Қ. «___» _____________ 20__ ж

Ф3-КП-08-18

Оқу сабағының жоспары

Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі

2 беттің 1-беті



Сохранить у себя:
Критериалды бағалау – сапалы білім негізі (Коучинг сабағы)

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки