Қонжық бізде қонақта (ойын-сахналау).

Мектепке дейінгі білім беру.Білім беру саласы:Коммуникация. Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: Қонжық бізде қонақта.

Содержимое разработки

№ 10

Білім беру саласы: Коммуникация, Әлеумет

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қонжық бізде қонақта (ойын-сахналау).

Мақсаты:

Қонақта өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

а) Балаларды шағын тақпақтарды жатқа оқуға, кейіпкерлер бейнесін сомдауға көркем оқу әдіс-тәсілдерін қолдануға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйрету. ә) Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту; өз ойын ауызша жеткізу біліктерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: шағын берілген тақпақты жатқа оқуды;

түсінеді: қимыл-қозғалысын келтіруді;

қолданады: өз ойын ашық, толық жеткізуді біледі.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ театрындағы қонжық және оның қолындағы бал болу керек. Түлкі, қасқыр, қоян суреттері.

Сөздік жұмыс: қонжық.

Билингвалды компонент: қонжық – медвежонок – teddy bear.


ҰОҚ барысы::
    1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі сендерге ұнай ма?

  • Күз мезгілі несімен ұнайды?

  • Күз мезгілінің соңғы айы қарашада табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Иә, балалар, қараша айында жабайы жануарлар оның ішінде аю қонжығымен қысқы ұйқыға дайындалады.

  • Сендер аюдың баласын қалай атайтынын білесіңдер ме? (Қонжық)

Ғажайып сәт: Қуыршақ театрындағы қонжықтың келуі. (Әуен ойналады. Қонжық кіреді, қолында балы бар).

Қонжық: Сәлем, балалар!

Педагог: Сәлеметсіз бе, қонжық! (Сәлемдеседі).

  • Қонақ келгенде біз қандай ізгі сөздерді айтушы едік?

  • Қош келдіңіз! Төрлетіңіз!

  • Балалар, біз қонағымызға өз өнерлерімізді көрсетейік, ормандағы қонжықтың достарының жүрісін, дауысын салайық. Қонжық қуанып қалсын.

Суреттерді көрсету арқылы сол аңның бейнесін сомдайды. Мысалы:

Кі-кі-кі-түлкі – бұлаңдайды.

Ыр-ыр-ыр-қасқыр – ырылдайды. Ян-ян-ян-қоян – секіреді.


«Аю» өлеңін оқып беру.

Тауға шықсам – қалың қар, Сайға түссең – қалың қар, Шырша үсті қалың қар, Байқаңдар, қар астында Ұйықтап жатқан аю бар.

(И.Токмакова)

Балалар педагогпен бірге қайталап, қонжықпен бірге жаттап алуға тырысады.

  • Қонжық, анаң сені еркелетеді ме?

Қонжық: Әрине,«Қорбаңдаған қонжығым», – деп еркелетеді.

Сергіту жаттығуы.


Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық. (Қорбаңдаған аюдың қимылын жасайды).


Дидактикалық ойын:«Қайсысы нені жақсы көреді?»

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, кейіпкерлер бейнесін сомдауға баулу. Шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Суретте берілген жануарларды, құстарды жақсы көретін тағамдарымен қосу. Мысалы: мысық – сүт, ит – сүйек, тауық – тары, лақ – шөп. Дәптердегі жануарлар мен құстардың дауысын, қимылын келтіріп ойнату. Суреттерді бір-бірімен сәйкестендіреді.

  1. Қорытынды кезең (рефлексия)

Қонжық:

  • Балалар, енді мен қайтайын, мені анам іздеп қалар, апаныма түсіп, ұйқыға жатуым керек. Қыс мезгілі де келе жатыр. Мына балдан ауыз тиіңдер! Өзім жинаған бал. Сендермен бірге тақпақ жаттадым, жаттығу да жасадым, ойнадым. Сендерге көп рақмет! Көктем мезгілінде тағы да қонаққа келемін. Сау болыңдар!

  • Сау болыңыз.

  • Қонжық, саған тәтті ұйқы тілейміз!


Сохранить у себя:
Қонжық бізде қонақта (ойын-сахналау).

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки