Конспект урока "Зиін әлемі"

Мектепке дейінгі жастағы психологиялық зейінді дамытуға арналған ойындар.

Содержимое разработки

Ересектер тобы.

Тақырыбы : Зейін әлемі.

Мақсаты: Балалардың зейінімен ес процессін дамыту.

Міндеттері: Топта тұлға аралық қатынастарын анықтау, қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру; сабақ барысында назар қою дағдысын дамыту; логикалық тұрғыда ойлау деңгейін көтеру.

Сабақ барысы:

«Жағымды сөздер»

Мақсаты: өзін өзі одан әрі ашу, өзін өзі тану, және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Жаттығу барысында балалар бір біріне жылы сөздер айтады. Олар баланың жеке қасиеті, сырт келбеті, мінез құлқы туралы айтады. Егер балаларды бір комплимент айта алмаса педагог-психолог оған ой салып, көмектеседі.

Ойын : «Не өзгерді?»

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейіннің және ес процессін дамыту.

Ойын айнатуда әр түрлі ойыншықтарды пайдалануға болады. Балалардың алдарына ойыншықтарды қояды, зейіндерін түсіріп жаттап алу тапсырмасын береді. Көзбен жаттап алған соң балалар көздерін жұмады, сол уақытта психолог ойыншықтардың бірін алып тастайды, немесе жаңа бір ойыншық қосады. Көзін ашқан балалар қандай ойыншықтың жетпейтінің немесе қосылғанын айту керек. Ойынға тек 5 түрлі ойыншықтар қолдануға болады, одан көп болса балалардың ойынға деген қызығушылық жоғалады.

Жаттығу.

«Есіңе ал да, суретін сал»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Бұл жаттығуды жасау үшін қағаз бетіне салынған әртүрлі мөлшерлі түрлі түсті боялған 5 шеңбер беріледі. Балалар олардың пішіні мен түсін жаттап алып таза ақ қағаз бетіне көрген шеңберді салады.

Жаттығу.

«Дауысынан таны» , «Кім шапалақтады?»

Мақсаты: заттың дыбысының қай жерден шығып жатқаның анықтау. Назар мен есту, тану дағдысын дамыту.

  1. Балалар көздерін жұмады, сол уақытта психолог балалардың артында тұрып қоңырауды шылдырлатады, ал балалар дыбыс қай жақтан шыққанын қолдарымен көрсетеді.

  2. Балалар әр түрлі орындарға отырады. Араларынан жаттығуды жүргізетін бастауыш сайланады, оның көзін жұмылып тұрады. Қалған балалардың ішінен біреуі қол шапалақтайды, ал көзі жұмылған бала ол қай жақтан шыққан дыбыс екенін табуы керек.



Ойын: «Зейініңді тұрақта»

Төрт бұрыштың ішіндегі суретке ұқсайтын ұлуды тауып, оны бояу.





Релаксация. Көзімізді жұмып, терең дем аламыз, еркін тыныстайық. Біз көлікпен үлкен жлдың бойымен жайлауға бара жатырмыз. Жолдың екі жағы жап жасыл шөпке, қызылды жасылды гүлге толы. Қандай әсем табиғат! Ағаштардың жапырақтары жайқалып тұр. Бұл қандай ағаштар? Жеміс ағаштары. Міне, мынау алма ағашы, қызыл алмалары көп екен. Менің алдымда шие ағашы өсіп тұр. Жердің бәрінде қызғалдақ гүлі. Қызғалдақтың түсі қызыл, сары. Кілем сияқты құлпырып жайнап өсіп тұр. Қандай әдемі гүлдер! Құлағымызға бұлақтан сылдырап аққан судың дауысы келеді. Бұл құстардың сайраған әні құлағына естіледі. Міне, алыстан шопан атаның үйі де көрінеді.

Терең дем алып көзімізді ашайық. Біз өзімізді көңілді сезінеміз. Біз жақсы демалдық. Көңіл күйіміз тамаша.













Сохранить у себя:
Конспект урока "Зиін әлемі"

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки