ІІ бөлім
Денсаулық және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: 2.1. Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері
Сабақ мақсаттары : Әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері туралы мысалдар беру және қорғау әдістерін тиімді пайдалану.
Пәні: Информатика
Сынып: 7
1 – тоқсан 6 сабақ
Әзірлеуші: ШҚО, Семей қаласы, “№3 ЖОББМК” КММ информатика пәні мұғалімі: Нургалиева Эльвира Каиркановна
Түйін сөз
АСПЕКТ (латын тілінен aspectus – көзқарас). Зерттеліп жатқан түсінікке, затқа немесе құбылысқа деген әрқилы көзқарас.
Электромагниттік сәуле шығару – бұл түрлі сәуле шығаратын объектілерден тарайтын электрамагниттік толқындардың энергисы.
Қазіргі уақытта техниканың дамуына орай электромагниттік сәуле шығару күнделікті өмірдің барлық саласында кездеседі. Электр желілері, көшені жарықтандыру, тұрмыстық техникалар, көліктер (троллейбустар, трамвайлар), электромагниттік сәуле көздері болып табылады. Сонымен қатар оларға теледидар, ұялы телефондар, гаджеттер және басқа да электр құралдары жатады (2.1-сурет). Басқаша айтқанда, кез келген электр энергиясын өндіретін немесе тұтынатын электрондық құрылғы электромагниттік сәуле шығарады.
2.1-сурет
Компьютер экранының электромагниттік сәулеленуінің әсері
Жұмыс i стеуге отырғанда, сағат сайын демалыс ұйымдастырып, жаттығулар жасап отыру керек. Ноутбукты т i зе үст i не алып отыруға болмайды. Күшт i радиация тарайтындықтан, бедеу болып қалу қауп i бар. Компьютерде, ноутбукта отырғанда, көзге қорғаныс көз i лд i р i г i н кию қажет. Мысалы, суға түс i п келгеннен кей i н компьютерд i ң алдында отыру радиацияны қабылдау мөлшер i н азайтады екен. Компьютер, ноутбук сатып аларда « S» белг i с i нің бар-жоғына қарау керек. Бұл белг i – компьютерде, ноутбукта радиацияға қарсы қорғаныстың бар екен i н i ң дәлел i. Есіңде болсын, компьютерд i ң жанына немесе артына отыруға болмайды, оның радиацияны ең көп тарататын бөл i г i – сол тұстары.
Компьютерд i орналастырғанда, артқы жағын терезеге немесе қабырға жаққа қаратқан жөн, одан таралған радиация сыртқа кетед i. Компьютерден, ноутбуктан жылы бу шығады, оның әсер i нен адам ағзасындағы кальций мөлшер i азаяды. Соның салдарынан тырнақ – сынғыш, шаш – түск i ш келед i. Компьютер, ноутбук, теледидар және басқа да тұрмыстық заттар орналасқан бөлмелерде мүмк i нд i г i нше пластик терезелерге қарағанда ағаш терезелер болғаны дұрыс. Себеб i, бөлмедег i радиацияны пластик терезе сыртқа шығармай, тосқауыл болады.
1-кесте. Электромагниттік сәуле шығару нормасы
Компьютерден таралатын электромагниттік толқынның адам ағзасына залалы,
тигізетін зиянды факторлары мынадай:
- көздің көру қабілетін төмендетеді;
- омыртқаның қисаюына әкеледі;
- жүйкеге салмақ түсіреді;
- адам тез шаршап, денені әлсіздік басады;
- иммунитет төмендейді, адам көп отырған
- кезде қан айналымы бәсеңдейді.
Компьютердің адам ағзасына тигізетін әсері мен оның басты себептері:
- электромагниттік сәуле шығару көзі – монитор және жүйелік блок;
- Құрылғылардың қауіпсіз емес қашықтықта орналастырылуы;
- компьютерде ұзақ жұмыс істеу;
- Бірнеше компьютерлердің бір жерде шоғырлануы.
Кез келген адам компьютермен жұмыс істеген кезде белгілі бір сақтық шараларын қолдануы керек. Сонымен бірге электромагниттік сәулелену әсерінен қорғану тәсілдерін де тиімді пайдалану қажет. Ережелерді дұрыс қолдансақ, магниттік өрістердің адам ағзасына келтіретін кері әсерін айтарлықтай төмендетуге болады.
Компьютерді дұрыс орналастырудың 10 ережесі
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруы тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, арақашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің арты қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң – өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұру үшін, компьютердің жанына су құйылған
ыдыс қояды.
7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут
үзіліс жасап тұрады.
8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра
қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға
бағыттайды.
9. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
10. Егер компьютердің алдында оқушы отырса, әрбір 20 минут жұмыстан, 15 минут демалуы тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут демалады.
Тапсырма
1. Адам а ғзасына компьютердің тигізетін кері әсерінің 4 себебін атаңыздар?
2. Компьютерден бөлінетін электромагниттік сәулелердің зияны мен алдын алу шараларын атаңыздар?