Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы. 8.2С Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу. | Мектеп: №18 Ш.Уалиханов атындағы жом | ||||||
Күні: 29.06.2018ж | Мұғалімнің аты-жөні: Темір Сымбат Муратқызы | ||||||
Сынып: 8 сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Отынның жануы және энергияның бөлінуі. | ||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 8.3.1.1 - заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда,көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну 8.3.1.2-парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда,көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін біледі. Парниктік эффектің не екенін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Заттардың жану реакцияларын жазып,теңестіреді және жану өнімдерін сипаттай алады.Парниктік эффект себептеріне нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. Кейбір оқушылар: Заттардың жану реакцияларын пайдаланып есептер шығарады.Көміртек қосылыстарын жаққанда бөлінетін жылу мөлшерін есептей алады.Жылыжай эффектісін шешу жолдарын ұсынады. | ||||||
Бағалау критерийлері | -Заттардың жану реакцияларының өнімдерін сипаттайды.(оксид, көмірқышқыл газы,иіс газы, көміртек) - Заттардың жану реакцияларын жазып, теңестіреді, есептер шығаруда қолданады,бөлінетін жылу мөлшерін есептейді. -парниктік эффект түзілу себептерін түсінеді, шешу жолдарын ұсына алады. | ||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу , түсіну,қолдану | ||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар:Отынның түрлерін және заттың жану өнімдерін айтады.Жылыжай эффектісі жайлы түсінік айта алады. Негізгі сөздер мен тіркестер:Қатты отын, сұйық отын,оксидтер, жану, тотығу, жану өнімдері, оксидтер,көмірқышқыл газы, иіс газы, көміртек,парниктік эффект. Сыныптағы диалог үшін пайдаланылатын тілдік бірліктер: -..................................... оксидтер деп аталды; -......................................жану реакциясы деп аталады; -.....................................жанғыш заттар деп аталады; Жану өнімдеріне.....................жатады. Жылыжай эффектісін тудыратын заттар? | ||||||
Құндылықтар ға баулу | Заттарды жаққанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау, жану өнімдерінің қоршаған ортаға, тірі ағзаларға зиянын түсіндіре отырып,жауапкершілік, сын тұрғысынан ойлау,өмір бойы оқуға дайын болу құндылықтарын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, математика. | ||||||
Алдыңғы оқу | 7.2В Ауа.Жану реакциясы.Химия 7 сынып. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар , ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
5 мин
5 мин
| Ұйымдастыру: Шаттық шеңберін құру. « Жүректен жүрекке» әдісіарқылы оқушылар бір - біріне бүгінгі күнге деген жылы лебіздерін білдіреді.
«Пазл» әдісібойынша оқушылар топқа бөлінеді. Бұл кезде оқушыларға қима суреттерді құрастырып, жылдам картон қағазға желімдейді Үй тапсырмасын сұрау. «Шыңды бағындыру» әдісі.Есепті жылдам,дұрыс тапқан топ жауаптарын білім ағашының ең шыңына ілдіреді. 1-топ 20 % 400г қант ерітіндісін дайындау үшін қажет қант пен судың массасын табыңдар. 2-топ Көмірқышқыл газының азот бойынша тығыздығын табыңдар. 3-топ 1000 мл ерітіндіде 25г кальций хлориді еріген.Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз. Дескриптор Ерітіндінің массалық үлесін,мольдік концентрация,салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу формулаларын пайдаланып есептерді шығарады. Бағалау: «Түйінді сәттер» арқылы
| Жүрек пішінді шар
Плакат, қима қағаздар.
| |||||
Сабақтың ортасы 10 мин
10 мин
5 мин | Мәтінмен жұмыс. «INSERT» әдісі. Оқушылар мәтінді оқып,7 сыныпта өткен ауа және жану реакциясы тақырыбын еске түсіре отырып таныс емес мәліметтерді дәптерге жазып алады. Дескриптор -Оқушылар өз бетімен мәтінді және қосымша мәліметті оқып,берілген тақырып бойынша талдай алады. -жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын жанғанда көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін және жылу бөлінетінін түсінеді. Көрсетілім:1.Этил спиртінің жану реакциясына көрсетілім жасаймын.Бөлінген көмірқышқыл газына сапалық реакция жасап көрсетемін.2.Парниктік эффектке видео және 2 литрлік пластикалық бөтелке пайдаланып көрсетілім көрсетемін.Ашық сұрақтар қойылады. 1.Спиртті отын ретінде пайдалануға боладыма? 2.Спирт жанғанда қандай заттар түзіледі? 3.Егер спиртің құрамында сутек және көміртек атомдары болса, онда жану өнімдері қандай болады? 4.Жылыжай эффектісін тудыратын газдардың көбею себебі? 4.Не себептен өсімдіктер жылыжайда жақсы өседі? Бағалау:«Түйінді сәттер» Тапсырма №1 Топтық жұмыс. 1.Карточкаларда көмір, этил спирт,бензин,керосин, ағаш,мазут суреттері берілген.Осылардың қайсылары отын болып саналады? 2.Метан СН4, пропан С3Н8 ,бутанС4Н10 газдарының жану реакцияларын жазып, теңестіріңдер,жану өнімдерін атаңдар. Дескриптор Берілген заттардан отын болатын заттарды анықтайды. Реакцияны жазып теңестіреді. Құрамында көміртек бар отындар жанғанда көмірқышқыл газы түзілетінін біледі. Бағалау: «Минуттық шешім» Тапсырма №2 Жұптық жұмыс. Жылыжай эффектісін қандай газдар тудырады.Кейбіреулерінің формуласын жазыңдар.Жылу эффектісін шешу жобаларын ұсыныңдар. Дескриптор. Парниктік эффект түзілу себептерін түсіндіріп, шешу жолдарын ұсынады. Бағалау: “Жауап беретін әріптес” Тапсырма№3 Топтық жұмыс 88г пропан газыС3Н8 жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының массасын, зат мөлшерін және бөлінетін жылу мөлшерін есептеңдер. Дескриптор. Пропанның жану реакциясын жазып,жану өнімін және бөлінетін жылу мөлшерін анықтай отырып,есепті шығарады. Бағалау: «Түйінді сәттер»
| Оқулық
Карточкалар
https//www. Youtube.com/watch?v=h8kg3Da75mU
http://cnit.ssau.ru/organics/ chem2/u254htm htt://bilimland.kz/ru/#lesson=11163
https://www. Youtube.com/ Watch?v=Tq6KcrC6X18
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин
| Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі. 1.Заттың жану реакциясының өнімдері қандай? 2.Құрамында көміртегісі бар отынды жаққанда, оттек жеткілікті болса не түзіледі? 3.Қандай жағдайда иіс газы түзіледі? 4.Күйе деп нені айтамыз? 5.Парниктік эффектің пайдалы және зиянды жақтары қандай? Рефлексия: “Күннің көзі” әдісі бойынша кері байланыс алу . Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін , өз ойларын және әсерлерін сары түсті жолақ қағаздарға жазып ,тақтаға ілінген күннің суретіне барып жабыстырады Үйге тапсырма: 1.Заттардың жану реакцияларына мысалдар жазып келу. 2.Парниктік эффектің пйдалы жіне зиянды жақтарын жазып келу.
|
Күннің суреті | |||||
Қосымша ақпарат | Ғаламдық жылыну,қышқыл жаңбырлар,парникті эффект,озон қабатының бұзылуы т.б.
|
| |||||
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексерудің қалай жоспарлайсыз?
| Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік еңбекті қорғау және ережелері АКТ мен байланыс, құндылықтардағы байланыс | |||||
1.Үлгерімі төмен оқушыларға. Қатты отын түрлері..... Сұйық отын түрлері..... Жылу және жарық бөле жүретін реакциялар...... 2.Қабілеті жоғары оқушыларға.Реакцияны аяқтап жану өнімдерін түсіндір. СН4+О2(жеткілікті)--- СН4+О2(жеткіліксіз)---- .... +О2------С+Н2О Жаһандық жылыну себебі неде? Жаһандық жылыну процесін баяулату шаралары?
| Ашық сұрақтар беру арқылы кері байланыс жасаймын.Топта, жұпта орындаған тапсырма нәтижелерін қорытындылап, дескриптор, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын.Бағалаудың«Түйінді сәттер» «Минуттық шешім» «Жауап беретін әріптес», «Топтық кері байланыс» түрлерін пайдаланамын.
|
Биологиямен байланыстыра отырып жану құбылыстарын, жылыжай эффектісін түсіну.Математикамен байланыстыра отырып есептерді шығару.Заттарды жаққанда техника қауіпсіздік ережелерінсақтау, АКТ-ны дұрыс пайдалану. | |||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
| |||||||
Қорытынды бағамдау.Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |