Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері

Урок ДО для 5 класса по казахскому языку и литературе

Содержимое разработки

3-бөлім:

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Педагогтің аты-жөні


Күні


Сынып


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу;
5.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

5.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты

мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды

жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазуады

заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата ды, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі /2-ші сабақ/

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті


Сабақтың басы
















Сабақтың ортасы



























Сабақтың

соңы


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру:

мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды

жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазуады

заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата ды, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Тыңдайды,түсінеді






Қарашаның екісі

Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі


1-тапсырма: мәтінді оқиды,түсінеді,аударады. 3 балл

Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады.

Бірінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. Бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

  • балықтың 4,

  • қосмекенділердің 1,

  • бауырымен жорғалаушылардың 8,

  • құстардың 43,

  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым.

Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

 Үшінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.

Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.


2- тапсырма. 3 балл Ақпаратты толықтырып кестеге жаз / заполни таблицу -3-4 сөйлемнен/

Қазақстанның Қызыл кітабы”

Бірінші басылым

Екінші басылым

Үшінші басылым






3-тапсырма. 3 балл.

3 сұрақ құрастырып жазу/ 3 вопроса составить/

Дәптермен жұмыс/ дәптерге жазады/



1- тапсырма

Ауызша/устно



  https://stan.kz/kazakstannyn-kyzyl-kitaby-kanday-zhan/

сайттан материлды оқиды




















































2-тапсырма:

Заполнить таблицу письменно в тетрадь/ 3-4 предложения в каждой графе/





3-тапсырма

жазбаша/

письменно





Сохранить у себя:
Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки