Қысқа мерзімді жоспар
| Информатика | -сабақ | |
Сабақтың тақырыбы: | Графиктік ақпаратты өңдеу | ||
Сілтеме: | Жоспар, 5- сынып оқулығы, мұғалімге арналған нұсқаулық | ||
Жалпы мақсаты: | Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Суреттің үзінділерін ерекшелеуді, графиктік ақпаратты өңдеуді үйрету Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке. ұқыптылыққа, жүйелікке, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. | ||
Сабақтың түрі | Дәстүрлі | ||
Сабақтың типі | Аралас | ||
Оқыту нәтижелері | Графиктік ақпаратты өңдеу туралы білімдерін толықтырады.Информатика пәніне қызығушылықтары артады. | ||
Негізгі идеялар: | Сыныпта психологиялық ахуалды орнықтыру; тренингтер өткізу; Оқушыларды еркін және шебер сөйлеуге үйрету. Ынтымақтастық құру. Тақырып бойынша ойларын еркін жеткізуге үйрету, шешім қабылдату. | ||
Оқыту модульдері | Жаңаша білім беру тәсілдері. СТО, Диалогтік оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, бағалау, АКТ-ні пайдалану. | ||
Күтілетін нәтиже
| Сыни көзқарасты жауап беруі. Топтық жұмыс нәтижелері. | ||
Ақпарат көздері | Слайдтар, флипчарт, карточкалар, плакаттар | ||
Сабақ барысы | |||
І. Ұйымдастыру (1 минут) | Мұғалімнің іс-әрекеті Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, көңіл күйлерін анықтау. Топқа бөледі. | Оқушының іс-әрекеті Амандасады. 3 топқа топтасады. | |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 минут) | Мұғалімнің әрекеті Раіnt графикалық редакторы дегеніміз не? Раіnt графикалық редакторы іске қалай қосылады? Терезе элементтері неден тұрады?
| Оқушының әрекеті Сұрақтарға жауап береді. Өздері жасап келген тапсырмаларын көрсетіп, талдап қорғайды. Топтық және жұптық | |
ІІІ. Жаңа тақырып (10 минут) | Мұғалімнің іс-әрекеті Тақырыпты түсіндіреді. Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар қолданылады. Растрлық бейнелерді Раіnt Стандарттық програмасында өңдеуге болады. Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows-тегі барлық амалдар сияқты масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Масштабты пайдалану үшін Түрі (Вид) тіркеме бетінің саймандары. «Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады. | Оқушының іс-әрекеті Зейін қойып тыңдайды. Сұрақтар қояды.
| |
ІV. Тапсырма (10 минут) Сергіту сәті (2 минут) | Мұғалімнің іс-әрекеті Компьютермен жұмыс беріледі
| Оқушының іс-әрекеті Оқулықтағы 142 беттегі және 145 беттегі суретті салады.
| |
V. Қорыту (6 минут) | Мұғалімнің іс-әрекеті ой- толғаныс. Масштаб дегеніміз не? Трансформация сөзі қандай мағынаны білдіреді. | Оқушының іс-әрекеті Топпен жұмыс жасайды. Миға шабуыл
| |
VI. Бағалау (3 минут) | Мұғалімнің іс-әрекеті Бағалау парағын таратады Қорытынды бағаны мұғалім қояды. | Оқушының іс-әрекеті Топта бірін- бірі бағалайды
| |
VII. Рефлексия (2 минут) | Не білдім? Не білемін Не білгім келеді? Оқушылар өз ойларын стекирге жазады | ||
VІІІ. Оқуға арналған тапсырмалар: (1мин)
| Үйге тапсырма: §17 оқып келу |