Есту мүшесі.Құлақтың құрылысы.

Есту мүшесі құлақтың құрылысымен танысады.Құлақ сыртқы,ортаңғы,ішкі болып 3ке бөлінеді.Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны жатады.

Содержимое разработки

   Күні:  

  Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»

Пән мұғалімі: Жұмалиева Салтанат

   Сынып  8

   Қатысқандар саны-      Қатыспағандар саны-

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушылардың есту мүшесі туралы білімдерін кеңейту. Сыртқы, ортаңғы,ішкі құлақ бөлімдерінің негізгі ерекшеліктері мен құрылысын, Дыбыс толқындарын есту жолын. Құлақ гигиенасын біледі. Тақырыптытереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу,  сынитұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есту мүшесінің құрылысын, бөлімдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақты толық сипаттайды. Қызметі мен гигиенасын біледі..

Кейбір оқушылар:

Дыбыс толқынынның таралу жолы схемасын меңгеріп айта біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: (не істей алады?)

Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады, өзін-өзі бағалап, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыртқы,ортаңғы,ішкі құлақ, құлақ қалқаны, дыбыс жолы, дабыл жарғағы, дыбыс сүйекшелері:балғашық, төс, үзеңгі,шытырман, кіреберіс, ұлудене

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Құлақ қанша бөлімнен тұрады, құлақ қалқаны қандай қызмет атқарадыСыртқы құлақ, ішкі құлақ, ортаңғы құлақ бөлімдеі. Есту мүшесінің гигиенасы

Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба?

Адам ұшақта отырғанда құлағы бітеліп қалады. Қандай шара қолдану керек.

Жазылым бойынша ұсыныстар.

Ортаңғы құлақта бірімен бірі байланысқан үш сүйекше бар Салмағы 0,05г Балғашық, үзеңгі, төс.

Ішкі құлақтың  қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман деп атайды.

 

Алдыңғы оқу

 

Сезім мүшелері, Рецептор, анализатор, көздің құрылысы. Қарашық, көзбұршақ, таяқша, құтышалар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

 

I.Ұйымдастыру кезең. М «Біліп қана қою аз, сол біліміңді істе қолдана білуің керек, ниеттенуің ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек»   Мұғалім  оқушыларды сабаққа  белсенді қатысуға шақырыды. Ынталандырады.

Топқа бөлу: «Нысана»әдісі арқылы. (әр түсті қағаздан жасалған шеңберлерді оқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алады, нысананы өз қолдарымен жабыстырып қояды.). Топтардың аты «Сыртқы», «Ортаңғы», «Ішкі». (көру, есту мүшесінің бөлімдеріне байланысты)

II. Үй тапсырмасын сұрау

1.Миға шабуыл «Ашық хат» әр топ өз калаулары мен конверт алады. Конвертте тек сандар болады . Тапсырма: сандарды сөйлет «Көру мүшесіне байланысты /2.5.3.80-90/

2Алма ағашы...Әр топқа ақ плакатқа сызылған алма ағашының үлгісі беріледі. Ортасына сұрақтар

Бірінші топқа «Сыртқы құлақ туралы не білесің?», екінші топқа «Ортаңғы құлақ туралы не білесің?»,  үшінші топқа «Ішкі құлақ туралы нен білесің?»  Оқушылар ішіне отырып  өз білгенін жазады

Сұрақтар шеңбері I топқа

1. Бақылау сұрағы: суреттен не көріп тұрсың?/көздің суреті беріледі/. Сипатта.

2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: егер көзге бөгде зат түссе не істеу керек?

3. Талдау сұрағы: көздің қосымша мүшелері қандай қызмет атқарады?

4. Қиял ғажайып сұрақтар: көзге байланысты теңеу сөздер  айта аласың ба?

II топқа

 1. Бақылау сұрағы: Суретті баянда(көздің ішкі сыртқы құрылысы)

 2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Егер көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе не істеу крек?

 3. Талдау сұрағы: Құтыша мен таяқша туралы не айтуға болады?

 4. Қиял ғажайып сұрағы: Көзбен барлық затты көреміз. Нені көрмейміз?

III топқа

 1. Бақылау сұрағы: Берілген макетті қалай баяндайсың/көздің құрылысы/?

 2. Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Көзіңді қалай сақтау керек?

 3. Талдау сұрағы: Көздің түсі неге байланысты?

 4. Қиял ғажайып сұрағы:  «Көзіңнің қарашығындай сақта» сөз тіркесінің мағынасы қандай?

 

 

 

Слайд

Кеспе қағаз. Түрлі түсті қағаздан жасалған  нысананың  үлгісі

 

Конверт

 

 

 

 

 

 

А4қағазы, түрлі түсті фломастер

Ортасы

 

III. Жаңа тақырып өту

Сабақтың эпиграфын айту

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен ми дағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман әр істі сол тексермек

/Шәкерім/

Жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерге «Болжам жасау» әдісін пайдалану/ Слайд арқылы бір неше сөздер беріледі, оқушылар өз ойларын айтады/

Оқушыларға тапсырма

Тұжырымдамалық картаны толтыра отырып жаңа тақырыптың ең негізгі бөлігін ашу

Мектеп мед бикесі есту мүшесінің  гигиенасы туралы айтып береді

ІY. Бекіту бөлімі

Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Көру мен есту

 

 

слайд

 

 

 

 

 

А4 бет, фломастерлер,

 

 

 

 

.

Аяқталуы

 

ІV. Қорытынды бөлім

Оқушылар «Жуан»және «Жіңішке» сұрақтарына  жауап береді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Әр топтағы оқушылар бірін бірі бағалайды. Нысанадағы әр түске өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып береді

Кері байланыс

Стикерлер

Қосымша ақпарат. Адам қоршаған ортадағы ақпараттың 14-16% есту мүшесі арқылы қабылдайды.Ортаңғы құлақта орналасқан төс сүйегі – адам ағзасындағы ең кішкентай сүйек. Құлақта 2000 без болады. Адам 40-45 децибел шамасындағы дыбыстарды қиналмай қабылдайды. Теңіз ұлуының бақалшағын құлаққа тақап тыңдаған кезде естілетін «теңіз шуы», шын мәнінде құлақ қан тамырлар бойымен ағып жатқан қанның дыбысы.

Саралау

(сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?)

Бағалау

(оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)

Дискрипторлар іріктеп алу, сол негізде бағалау

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

 

 

Фомативті бағалау. Нысанадағы әр түске смайликтер жабыстырады

Математика. Қазақ әдебиеті. Физика

Электронды оқулық

Рефлексия

   1. оқу мақсаттары шынайы болды ма?
   2. Бүгін оқушылар не білді?
   3. Сыныптағы ахуал қандай болды?
   4. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
   5. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
   6. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?)

 

Сабақта оқушылардың қатысы, қызығушылықтарының жоғары болуы бүгінгі сабақта алға қойған мақсаттың шынайы да нақты болуы ..

Есту мүшесінің құрылысын, бөлімдерін, жаңа терминдермен танысты. Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасады. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасауда бірлесіп, бірін бірі тыңдай отырып, ортақ шешім жасай білді. Сабақты жоспарлау кезінде түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың өз ойларын  өмірмен байланыстыру, бір-бірлеріне жағымды тілек білдіруі сәтті болды. Үй тапсырмасын сұрау кезіндіе «миға шабуыл, пирамида, сұрақтар шеңбері» әдістерін қолдандым. Берілген уақытта жоспарлы жұмыстарға үлгердім. Өз жоспарыма түзетулер мен өзгертулер  енгізген жоқпын.





Сохранить у себя:
Есту мүшесі.Құлақтың құрылысы.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки