Регистрационная форма
Фамилия |
Сейпулла |
Имя |
Асанәлі |
Отчество |
Сәкенұлы |
Ученая степень,звание |
|
Организация,должность |
№21 ЖОМ,оқушы |
Домашний адрес |
Камзин көшесі 362, 36 пәтер |
Контактный телефон |
87182 20-56-34 87076577085 |
|
|
Секция |
Экология и охрана природы |
Название доклада
| Ертістің экологиясы |
Должность и место работы научного руководителя |
№21 ЖОМ география пән мұғалімі –Есмакаева Гульмира Болатовна |
Серия – школьник
Я намереваюсь выступить с докладом на заседании секции.
Ертістің экологиясы
Сейпулла Асанәлі, 10 А сынып оқушысы
№21 ЖОМ
Тұщы су тапшылығы - барлық адамзат баласын аландатып тұрған өзекті мәселе. Оның ішінде Қазақстан әлемдегі су қоры аз мемлекеттердің қатарына жатады.Қазіргі күні еліміздің оңтүстік-шығысынан бастап Орталық Қазақстанға, тіптен Елордамызға дейін жетіп, қала мен далаға жан бітіріп, тұрғындардың толық игілігіне жарап отырған Ертіс өзенінің арнасын сақтау, экожүйесін бұзып алмау барлығымызға сын болып тұрғаны рас. Бір кездері еркімен кесіліп ағатын ерке Ертістің суы азайып, көпшілікті аландатуда.[1,4б]
Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтан су ресурстарының жағдайына Шығыс Қазақстандағы орманды кесу де, елеулі әсерін тигізеді.
Ертіс өзен алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды ластану, тазарту қондырғылары ескі Серебрян, Өскемен және Семей аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға ұшыраған кезіндегі тау – кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш, 3 тонна мыс, 2 тоннадан да кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концетрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Әсіресе, Ертістің кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің оған құятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есеге көп.[3,2б]
Павлодар облысындағы басты су обьекті Ертіс өзені болып табылады, оның су сапасын бірінші деңгейлі су қоймасына жатқызады. Павлодар облысындағы Ертістің ұзындығы 720 км құрайды.Экология Департаменті Ертіс өзеніндегі шекарааралық нүктелерде су сапасын бақылауға квартал сайын алып тексеріп отырады.Өзеннің щекарасының бастауы- Подпуск, Лебяжье, Ново-Ямышева селолары. Облыстан шығатың шекарасы- Павлодар қаласындағы құтқару станциясы, Мичурина, Пресновский, Железенка, Прииртышское селолары.
Лабораториялық зерттеулер бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда Ертіс өзенінің сапасы тұрақты болып табылады, сонымен қатар Су Ластануынын Индексі 1-2,5 көрсетеді, сондықтан 3 деңгейге- қалыпты ластанған су сапасына жатқызуға болады.
Өзен суын ластайтын негізгі заттар- мұнай өнімдері, мыс және мырыш. Олар Павлодар облысының территориясына Шығыс Қазақстан облысынан түседі: Мұнай өнімдері 1,9-2,2, мыс 2,4-2,5, мырыш 1,2-1,4 шекті ықтимал концентрация.
2014 жылдын сәуір айында Ертіс өзенінің алабы бойынша Қазақстан Ресей комиссиясының кезекті жұмыс жиыны өтті. Екі елдің жасаған мониторингі бойынша Павлодар облысынан Ресейге құйятын су сапасы тұрақты, сапаның көрсеткіші жақсартылуда.2014 жылы Павлодар облысындағы су мөлшері 5,77 куб/км, 2013 жылға қарағанда су мөлшері сәл аздау, алайда өзеннің экожүйесіне кері әсер еткен жоқ.
Ертіс өзенінен басқа облыс территориясында 7 су қойма, 398 көл, 130 уақытша ағын су мен кіші өзендер орналасқан, сонын ішінде ең ірілері Шідерті, Өленті, Селеті, Ашысу, Түндік, Қарасу.
Павлодар қаласындағы ірі металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындар суайырмаларды қоқысқоймаларына жібереді: мысалы АҚ «Қазақстан Алюминий», АҚ «Қазақстан Электролиз зауыты», Ақсу Ферроқортпа зауыты, АҚ «ПавлодарЭнерго» өздерінің өндірістік ағындарын арнайы күлтартылымдарына жібереді, сонымен өзен суына ластанған су қайрадан құйылмайды.
Ертіс суынын облыс территориясындағы кезекті бір қаупі- Ақсу электростанциясы 2014 жылы Ертіс өзенінен 2 121,5 млн м/куб суын пайдаланды. Экология Депортаментінің кварталдық есептері бойынша су температурасы өзгермесе де, алайда физикалық ластануы Павлодар территориясында қысқы уақытта судың қатпауына әкелді. ҚР Экологиялық кодексінің пункт 4 225 бөлімі бойынша Ақсу Электростанциясының жасаған жұмыстары шамаға сәйкес келіп тұр, бірақ келешекте құжаттарға қатал өзгерістер енгізуін қажет етеді.
Ертіс суын ластайтын ең ірі обьект- «Павлодар-Водоканал». Себебі, суды механикалық және толық биологиялық тазарту үшін 2014 жылы 200 мын/ м/куб тәулігіне керек, бірақ түсетін және тазартылған су мөлшері 86,6 мын/ м/куб тәулігіне, жылына 31617,5 мын/ м/куб құрайды. Жыл сайын «Павлодар- Водоканал» кәсіпорының сарқынды су лықсымасын бақылауға алып, қаншалықты өзен суы ластанғанына қорытынды жасайды. [5]
Шығыс Қазақстан аймағының су ресурстарының жағдайына келсек, аймақтың су қоймаларына тек қана бір жыл ішінде 86 мындай зиянды заттар түссе, соның біразы улы заттар, яғни мұнда 2 тонна– мырыш, 5 тонна – мыс, шамамен 1 тонна қорғасынмен ластанған. Бұған қоса ционидтер, кадмий, селен, талий және қышқылдарда кездеседі. Бұлардың жалпы жылдық көлемі 26–27 тоннаға дейін өзен суына қосылады. Өзен салаларының суына тазаланбаған шахтаның сулары жұмыс істемей тұрған кеніштердің де шахталық сулары қосылады. Тұрмысқа пайдаланылған сулардың да өзенге түсу нәтижесінде оның ластау денгейі артады. Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағасынан Обь өзеніне құятын жеріне дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді. Бұл жерде өте назар аударатын жағдай, оң жақ жағалау салалардағы мырыштын ерітіндісі сол жақтағы салаларға қарағанда 8,1 есеге көп. Бұл жағдай, Ертіс өзенінің оң жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі, Оба, Глубочанка, Красноярка сияқты өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан – магний және қорғасын – мырыш, Ертіс химия металлургиялық комбинаттар мен және де т.б. өнеркәсіп орындарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі. Сондай-ақ оң жақ жағалауының салараның бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары. Ауыл шаруашылығы да біршама қарқынды дамыған.
Жалпы Қазақстан бойынша атмосфераға 2582,6 мың тонна ластауыш заттар түссе, бұл заттарды тастайтын негізгі үлеске ие 5 облыстың ішіне Шығыс Қазақстан, (274,7 мың тонна), Павлодар (463,6 мың тонна) облыстары да кіреді.
Осы заттардың негізгі өндейтін өнеркәсәптер (тасталынатын заттардың жалпы көлімінен 48,6 % осының үлесіне тиеді), металлургия (44,6 %) және тау – кен өнеркәсіптері (16,2%)болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша атмосфераны ластайтын заттар тастайтын шамамен 459 кәсіпорын бар. Осы зиянды заттардың көлемі 2001 жылы 274745,8 тоннаға жетіп, 2000 жылмен салыстырғанда 30865,8 тоннаға өсті.
Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізі көздері Өскемен, Риддер, Зырян, Семей және Глубокоедағы өнеркәсіп орындары. Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-ы осы түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-ы тиеді. [3,3б]
Біздің өңір үшін Ертіс өзенің маңызы айырықша. Облыстың сегіз бірдей ауданы өзен суына тәуелді. Ол тек ауыз суға ғана емес, өнеркәсіптік бағытта молынан қолданылады. Екібастұздағы қос электр станциясы, Ақсудағы жылу-электр станциясы, аймақтағы металлургия саласында жұмыс істеп тұрған басқадай ірі кәсіпорындар жыл сайын миллиондаған текше метр өзен суын тұтынады. Бұған Қ.Сәтбаев атындағы канал мен ауыл шаруашылығыңдағы суармалы жерлерді қомыңыз. Міне, осы аталмыш бағыттардағы пайдаланылатын су көлемінің өзі өзен суының азаюына әрі ластануына алып келді.
Өткен ғасырдаң тоқсаныншы жылдарынан бері оның арнасы бірде-бір мәрте тазаланып көрмеген. Судың азаюына бұл да бір себеп десек те, екінші жағынан шын мәнінде өзеннің Қытай жақтан келетін ағыны азайып бара жатыр дейді білетіңдер. Қара Ертістен өз бетімен су жырып алып отырған Қытай мемлекеті өзен суын тұтыну көлемін жыл сайын арттыруда. Гидроэлектр станцияларының өзін қоспаанда егістік жерлерге миллиард текше метрлеп су айдалады. Осылайша аталған адами және табиғи факторлар әсеріінен облыстағы көктемгі су тасу үрдісі бұзылады. Елдегі ғалымдардың есебінше Қытай елі алдағы уақытта су бұруды 4,5 миллиард текше метрге дейін жеткізбек.Мәселен, олар бұрыңғы мұңай скважиналарына дүниенің суын айдап, тереңде қалған мұңайды бетіне қалқытып шығарып, өндірп алуда. Қытайда қазіргі күні "Қара Ертіс-Қарабай" деп аталатын ұзыңдығы үш жүз шақырымға жететін канал салынуда. ол бүгіңде аяқталуға жақын. Канал толықтай іске қосылса, біздің жағдайымыз қиыңдай түсетіні анық. [1,3б]
Егер Аспанасты елі тарапынан төнген осы қауіптердің барлығы шын болып щықса, Шығыс Қазақстандағы телегей теңіздей болып жататын Зайсан көлі жақын жылдары толығымен құрғап кетпек. Зайсан құрғаса, Бұқтырма су қоймасы да құриды деген сөз. Жамандақтаң бетін аулақ қылсын, бірақ дәл осы жағдай орын ала қалса, шығыс өңіірде экологиялық апат ахуалы қалыптасып, ол бірте-бірте бізге де жететін көрінеді.
Басын Қытайдан алып, Кенді алтайдың таулы өлкесін қақ жарып ағып жатқан Ертіс өзені Қазақстан үшін де, Ресей үшін де маңызы зор табиғат байлығы. Иірімінде тайдай балығы тулаған, суы суармалы егін шаруашылығына пайдаланатын Ертістің басына соңғы кездері қара бұлт үйіріле бастады. Қолда бар байлықты тиімді пайдалана алмай келе жатқан адам қаракетінің салдарынан ырғызы мол, ырысты қара саба аталған Ертістің арнасы тайыздап, суының құрамына адам металдар мен техникалық, ауылшаруашылығы өнеркәсіптерінен шыққан күл-қоқыстардың қалдықтары табылатыңдығы жасырын емес. Түбінен сынық ине көрініп жататын тап-таза, мөп-мөлдір су қоймасын жалбыз басып, суы сападан айырылып, қатты ластанып барады. Ертіс өзеніне онға тарта шағын өзендер құяды, олардың арнасымен көктемгі кездерде күл-қоқыстар үлкен өзенді әбден лайлап, судағы диоксидтер құрамына бірнеше есеге арттырып жіберетін көрінеді.
Ертіс өзеніне байланысты мәселеден Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, т.б. өкілетті органдар, ең бастысы-Үкімет біршама уақыттан бері хабардар. Таңғалдыратыны экологиялық апат алдында тұрған өзен тағдырына жоғары жақтан жанашырлық байқалмайды. Оған үкіметтік деңгейде кешенді бағдарлама қабылданып, Ертісті сақтап қалу мақсатындағы кезек күттірмейтін шараларды жеде түрде қола алып, болашақта ұлттық резерват деңгейне көтеру қажет. [2,3б]
Жаратушымыздың маңдайымызға берген байлығын орынсыз ысырап ете берудің алдын алып, тұщы су пайдалануға қатаң бақылау орнататын кез жетті. Естуімізше Ертістің басынан көрші Қытай мемлекеті де ірі өндіріс көзі бар Қарамай елді мекеніне ірі канал салып, Қара Ертістің суынын төрттен бір бөлігін, яғни жылына 4,5 текше шақырымға дейін тұщы су көлемін алып жатыр. Соның әсерінең өзен бойындағы су электростанцияларының энергия өндіру қуаты 27,5 пайызға азайып, 1480 млн.кв.сағат кем өндіруде. Бұл дегеніңіз мемлекеттік қауіпсіздік жағдайына да әкеп тірейді. Міне, осындай ашкөздік көзқарас салдарына Ертіс суы тартылып барады.
Ертіс су бассейні аймағында 250 мың гектар суармалы егістік бар.Онда 4 миллиондай тұрғын тұрады. алымдардың зерттеуінше, Ертісті су бассейініндегі тұщы су қоры кейнгі 20 жылдық күрт азайып, елді мекендер Ертіс өзенінің суын пайдалунуға екі есеге арттырған. Шетелдерге Ертіс өзенінің бөліктері қалай пайдаланалып, Бірақ Өскемен, Семей, Павлодар сияқты ірі қалалар төңіріңдегі Ертіс жайы қалай?
2005 жылы осы экологиялық апатты заласыздандыру жұмысын жүргізуге арналып тендер өткізіліп, оны өскемендік (ЭкоАир) фирмасы женіп алған еді. Ертіс өзеніне төнген осы апатты залалсыздандыру жұмыстарының жобаларын дайындау үшін республикалық бюдджеттен бірнеше миллион теңге қомақты қаржы бөлінгендігі бүгін аз да болса көңілге демеу болғанымен игерілген қуантпайды. Алайда қарт Ертіске төнген қауіпті құрықтануға бөлінген аз қаржы кейбір кәсіпкерлер үшін тек табыс көз болып қалған сыңайлы.
Бірнеше жыл қолданалып қалған апатты жергілікті экологтар халықаралық сарапшылардың және үлкен қаржының күшімен ғана шешуге болады деген пікірде. Өйткені экологиялық апаттың алдын алу үшін жағдайда егжей-тегжей терең зерттеуді қажет етеді. Өткенде облыстық әкімдік Ертіс өзені су бассейіне байланысты мәселені арнайы қарап, тиісті шаралар белгіленді. Бірақ өзен суын тазарту жобалары назарға ілінбей қалғаны өкінішті. Жоғарыда айтылған керосин көлінен туындайтын апаттық жадғайы да жабулы қазан күйінде қала беруі қатты аландатады. [4,4б]
Мен 2013 жылдын күз мезгілінен өзіме мақсат қойдым. Ол Ертістің лайлығын анықтау. Осыған қортынды жасадым. Ертістің суында лайлығы ең төмен жыл мезгіл, ол қыс мезгілі. Себебі, қыста судың құрамы кристалданып, лай мен қоқыс судың түбіне кетеді, ал күз-көктем айларында тасқын Қара Ертістен келгендіктен қоқыс пен лай да келеді.
Кейінірек 2014 жылғы күз айы Ертіс өзенінің құрамына тәжірибе жасадым.
Жұмыстың мақсаты: Ертіс өзенінің суыдын құрамының лайлығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: 2014 жылғы күз айынан алынған Ертіс суы; Пробирка; Тамшуыр; Колба;
Пинцет; Петри ыдысы; Лакмус қағазы;
Лакмус қағазының бояуы жасыл түске айналған ол дегеніміз судың құрамында қышқыл мен сілтінің мөлшері жоғары. Сол себепті Ертіс өзенінің суы адам денсаулығына қауыптты.
Тақырыпты қортылай келе: Құрметті достар табиғатты аялайық. Бұл істердің барлығы менім мен сіздердің қолдарынызда!
Назарларыныға рахмет!!!
Аннотация
Бұл жұмыста «Экология және тұрақты даму» концепциясы қарастырылды.
В данной статье рассматривается проблема «Экологии и устоичивого развития».
This article is considered questions of problem «Ekoloqy and sustainable development».
Пайданылған әдебиет:
1 22 желтоқсан 2009 жыл, Сарыарқа самалы. 4-5 бет
2 6-12 желтоқсан 2012 жыл, Ана тілі 9-11 бет
3 30 маусым 2006 жыл, Қазақстан заманы 3 бет
4 16 сәуір 2009 жыл, Сарыарқа самалы 4 бет
5 Павлодар облысының Экология Департаментінің су объектілері бойынша мәліметі