"Диалогтік оқытудың әңгімелесі түрлерінің сипаттарын білу» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексивті есеп №2

Коучинг тақырыбы: "Диалогтік оқытудың әңгімелесі түрлерінің сипаттарын білу».Қатысушы мұғалімдері коучинг сессияға қызығушылықтарын тудыруда психологиялық ахуалды тудырдым. Тақырыпқа шығуда мен алдын-ала бейне ролик дайындадым. Мұнда бейне ролик дұрыс түсірілмеген, объектіні ережесіз түсірілді. Ой қозғауға қатысушы мұғалімдерге, жетекші сұрақтар арқылы тақырыпқа шықтым. Мысалы: бұл бейне ролик қалай түсірілген? Не себепті ережелер сақталмаған? т.б. Мұғалімдер қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты айтты.

Содержимое разработки

Есмакаева Гульмира Болатовна Павлодар қаласы 2014-2015 оқу жылы

І деңгей мұғалімі №21 ЖОМ «Кереку-21»


"Диалогтік оқытудың әңгімелесі түрлерінің сипаттарын білу» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексивті есеп №2



Коучинг тақырыбы: "Диалогтік оқытудың әңгімелесі түрлерінің сипаттарын білу».Қатысушы мұғалімдері коучинг сессияға қызығушылықтарын тудыруда психологиялық ахуалды тудырдым. Тақырыпқа шығуда мен алдын-ала бейне ролик дайындадым. Мұнда бейне ролик дұрыс түсірілмеген, объектіні ережесіз түсірілді. Ой қозғауға қатысушы мұғалімдерге, жетекші сұрақтар арқылы тақырыпқа шықтым. Мысалы: бұл бейне ролик қалай түсірілген? Не себепті ережелер сақталмаған? т.б. Мұғалімдер қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты айтты.







Таныстырылым жасауда қандай ережелері барын таныстыру арқылы, ережесін мұғалімдер А4 қағаздарына салып көрсетті. Мұғалімдер өздері таныстырылымдарын постер арқылы бір-бірлеріне таныстырып, бірін-бірі үйретті. Мәтіндегі тақырыптық сөздерді қолдана отырып, 5 жол өлең жазды. Синквейм әдісі бойынша көшбасшылықты анықтауға болады. Коучинг соңында әріптестерімнен кері байланыс өздерінің пікірлерін "Екі жұлдыз, бір тілекке" жазып берді. Қоучинг барысында қатысушы мұғалімдер өздерін және әріптестерін формативтік бағалау смайликтер арқылы, ынталандыру сөздері, қол шапалақтау, өзін-өзі бағалау арқылыда бағаланып отырды. Коучингтен шыққан соң мұғалімдердің пікірлерін тыңдадым. Әріптестерім дәстүрлі сабақтан қарағанда, пәнді оқытуда, сабақта жеті модульді қолдана отырып, сабақ берген алде қайда тиімді екенін айтты. Бір жағынан жаратылыстану - математика бағытындағы мұғалімдер бұл әдіс- тәсілдердің біздің пәндерімізді үйретуге қолайсыз екен деп өздерінің дәстүрліден артықшылықтары жоқтығында айтты.

Дегенмен, мұғалімдердің осы диалогтік оқытудың әңгімелесу түрлерінің артықшылығы мен кемшіліктері туралы жазып та берулерін өтіндім. Олардан мысал келтіре кеткенім артық болмас деп ойлаймын:

Мүлікбаева Ү.М., математика пәні мұғалімі: «коучингтерден өте үлкен әсер алып, қызығушылықпен қатыстым. Болашақта, осындай курстарға барып, жаңа технология, заманауи тәсілдерді сабақтарымда пайдалансам деймін.»

Исабаева Г.Т., биология пәні мұғалімі: Мені осы коучингтерге кірер алдында оқытудың осы әдіс тәсілдері бізге керек пе, қаншалықты тиімді екен деген сауалдар мазалады. Ал, қатысып шыққаннан кейін мүлде басқаша ойда болдым.

Дюсенова Р.К., бастауыш сынып мұғалімі: «Коучинг басталмай тұрып бірталайды білетін сияқты болып отыр едім. Сабақ басталып кеткенде әлі үйренетін нәрсеміз көп екен деген ойда қалдым, берілген тапсырмаларды орындау барысында компьютерден ақпараттар алып отырдық, постерлер құрастырып әрқайсымыз ойымызды ортаға салдық. Топта тапсырма орындау барысында тыс қалған адам болмады. Берілген тапсырмалардың өзі қандай қызықты. Өз сабақтарымда пайдалануға болады екен деп отырдым.

Қорыта келгенде, мұндай коучингтер мұғалімдер үшін өте пайдалы. Бірлік бар жерде-тірлік бар деп халық мақалында айтылғандай, мұғалімдердің бірі білгенін екіншісіне үйрете отырып, ұжым болып сүбелі нәтижелр үшін алға жылжуының кепілі деп ойлаймын.

Коучинг негізгі бөлігі сәтті өтті, мұғалімдердің қызығушылығы жоғары деңгейде болды десем артық айтқандық емес. Көздеген мақсатыма жеттім деп ойлаймын.





1


Сохранить у себя:
"Диалогтік оқытудың әңгімелесі түрлерінің сипаттарын білу» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексивті есеп №2

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки