Сыныбы: 6 «а»
Күні:
Пәні : Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды қарым –қатнас мәденииетіне үйрету,олардың әдеп,әдеп сақтау ұғымдары тураалы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері :
- оқушыларға әдеп,әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
-оқушылардың этикалық қарым – қатнастарын дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ізетті,ілтипатты сыпайы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : аудиокассета.
Шаттық шеңбері
Мұғалім әрбір баланы өздеріне таныс үлкен достық шеңберіне тұрғызып ,өздеріне сенім артып және өзгелердің де сеніміне ие болғанын сезіндіру мақсатында бүгінгі шаттық шеңберін әрқайсысының жеке басындағы қасиет теріне тағы бір зер салып қарап, өз - өздеріңе есеп беру мақсатында былай ұйымдастыруына болады:
- Балалар ,бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға ,мейрімділік ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысының өз есімдеріңді айтып ,есімдеріңнің бас әріпіне сай келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар, ол біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Ал іске сәт ,бастайық балалар.
Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да ,әр бала өз есімін айтып, есімнің бас әрпіне сай (мысалы, Абзал – адал, Дархан – дарынды т.с.с.) жағымды , ( сын есім болуы керек) сөз айтып , басқа сыныптастарына да осындай жақсы қасиетті тілейді.
Әңгімелесу
Мұғалім өткен сабақта «әдеп» , «әдеп сақтау », «әдептілік» сөздері мен сөз тіркесінің мағыналарын ашып ,жан –жақты тиянақтап алғаннан соң ендігі кезекте бұл құндылықтың адам өміріндегі мәні мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы « Ойланайық ,
пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегідей сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізеді.
Адамның әдептілігін қалай білуге болады?
«Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсіндіресіңдер ?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген өлеңді оқып береді. Өлеңдегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып ,мағынасын талқылауға болады.
Көшеде
М. Мақатаев
Мен жолымды берейін , өт , қарағым
Несін күттің ,несіне көп қарадың ?
Анасының бергенін саған берген ,
Аруағынан айналдым текті ананың !
Жалған – ай !
Жарасымды – ау ізет деген!
Иілген біз өтпеннен ,сіз өтпеннен .
Қасиетін халқымның сыйламайды
Атасының дәстүрін күзетпеген .
Десек те, жаңа өмір,жаңа заман ,
Жақсы ғой бірін – бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта , құдай,
Тайраңдап алды – артына қарамаған.
Қарағым , ата – бабаң момын халық,
Өтіпті бір –біріңнің жолын бағып .
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Өлеңді оқығанда қандай ойда ,сезімде болдыңдар?
Ақын адамдар арасындағы қандай қарым қатнас көрсеткісі келген?
Ізеттілік ,ілтипат, сыпайылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер ?
Ойын
Оқушылардың сыныпта құрбыластарымен жағымды қарым – қатнас жасау дағдыларын дамыту мақсатында “Бір –бірімізді мадақтайық”атты ойынды ойнатуға болады.
Бұл ойын барысында сыныптағы барлық бала өзгелер тарапынан жақсы сөздер , мадақтаулар естуге мүмкіндік алады.
Ойынның шарты бойынша басқалардан жақсы сөз естіген адам оған да өз тарапынан жылы жауап қайтаруы тиіс.
Ойынның шарты :Ойынды бастаған бала қасындағы көршісіне жақсы сөздер айтады.Көршіңіз сол айтылған жақсы сөздерді қабылдап рақмет айтып , өзіңе ұнайтын қасиеттерін мақұлдап , (... сен айтқан қасиеттерім өзімеде ұнайды , ол қасиеттер маған өмірде көп көмектеседі) ойынды әрі қарай жалғастырады.
Тапсырма
Оқулықта берілген бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды логикалық ойлаудың негізгі әдістерін (салыстыру ,талдау ,жинақтау , абстракциялау ,нақтылай)пайдалана отырып , оқушылардың ізденуін ұйымдастыру .
Нақыл сөзді оқып , негізгі ойын анықтап ,бүгінгі өмірмен байланыстырып , қорытынды жасаңдар.
Ізгі мінез ,түзу құлық болғанда ,
Пайда түгел екі бірдей жалғанда .
Екінші – ұят , сосын шындық – үшінші ,
Үшеуімен ел көгерер (түсінші!)
Биязыны халық сүйіп , ұғады.
Ісі түзу кісі төрге шығады.
Ж.Баласағұни
Бұл тапсырманы талқылау барысында туындаған сұрақтар , ойлар негізінде оқушылар басқалардың да пікірі мен танысады. Нәтижесінде оның жеке пікірінен басқа да пікірлердің , көзқарастардың бар екенін көздері жетеді.
Түйіндеме
Мұғалім сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап , жүйелеп , тиянақтау мақсатында « Назар аударайық» айдарындағы ақпаратқа оқушылардың назарын аударып,
талқылатады.
Әдептілік - мәдениеттіліктің ,адамгершіліктің белгісі,
Әдептілік - Өзімен өзі және айнала қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүре алуы .
Әдептілік - Адамдардың жүріс -тұрысы мен қарым- қатынасының жалпы ережелері .
Дәптермен жұмыс
Сабақтағы меңгерген білім,біліктерін тиянақтап , қорытындылап , оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында оқушы дәптерінде 10 – сабақта берілген « Менің түйген»тапсырмасын орындату керек.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақты қорытындылап , оқушылар мен бірге шеңберге тұрып , А. Асылбековтың « Мен әдепті баламын» өлеңін хормен айтады.