Ф-КАФ-21
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беретін колледжі
Колледждің әдістемелік тақырыбы:
«Оқыту процесіне заманауи және ақпараттық технологияларды кіріктіру арқылы тұлғаның кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру»
Ашық сабақ проекті
Тақырып:Тұлғаның кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруда d – элементтері: Мыс, мырыш, темір, хромның табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттерін заманауи және ақпараттық технологияда қолдану арқылы түсіндіру.
Пән:«Химия»
Мамандық:« Негізгі орта білім беру»
Курс:1
Топ:ФЗ-16-1, ИНФ-16-1
Орындаған:Жаркимбекова А.Т.
Есмаганбетова А.А.
Қарағанды - 2016ж
Ф-УЧ-22
Сабақ жоспарының құрылымы
Оқытушының аты- жөні: Жаркимбекова Алтынай Темиржановна
Пән: Химия
Топ: ФЗ-16-1, ИНФ-16-1
Күні: 24.11.2016
Сабақтың тақырыбы: d – элементтерге жалпы сипаттама. Мыс, мырыш, темір, хромның табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері.
Сілтеме: Электрондық оқулық, ақпарат құралдарынан мәліметтер
Стратегия:
1.Cтуденттердің химияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
1.1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
1.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
1.3.АКТ қолдану
1.4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
І.Мақсаты:
а)Білімділігі: Студенттерге d-элементтерінің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігімен өз білімі негізінде танысып, мыс, мырыш, темір, хром элементтерін сипаттай білуге үйрету
ә) тәрбиелігі: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы металдарға сипаттама бере отырып, жаңа технология әдістері арқылы ақпараттық технологияларды кіріктіріп студенттердің сабаққа белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
б) дамытушылық Студенттерді өз бетінше ізденуге баулу. Топтық жұмыс жүргізу барысында өзара ынтымақтастық атмосферасын құра білу қабілетін дамыту. Студенттердің сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдаланып, кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.
IV. Күтілетін нәтижелер:
1.студенттер білу керек:
Жұбымен жұмыс жасай біледі, топта бірлесе жұмыс жасай алады, бірін-бірі үйретуге машықтанады, әртүрлі көзқарастарды, басқа студенттердің пікірлерін құрметтейді, бағалауды үйренеді ерекшеліктерін анықтай алады, өз ойларын сараптай алады, ойлау логикасы дамиды, сұрақ қоя білу дағдылары дамиды, сыни тұрғыда ойлауға үйренеді, қалай нені оқу керектігін үйренеді,
2.студенттер игеру керек:
Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу. АКТ тиімді пайдалана алады.
3.студенттер меңгеру керек-
Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру. Кіріктірілген сабақ.Химия және биология пәндерінен.
Әдіс-тәсілі:
1.Репродуктивті әдіс. Білім- білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту
2.Зерттеу әдісі. Мұғалімнің студенттерге шығармашылық тапсырма беруі, студенттер өз бетімен шешіп, материалмен жұмыс жасайды.
3.Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі бір мақсат қойып оған жету жолдарын көрсетеді, студенттер одан әрі әрекетке көшеді. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп жауап топ ішінде жинақталады.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, оқулық, слайд,флепчарт, стикер
V. Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Студенттерді түгендеу, топқа бөлу
Студент зейінін сабаққа аудару
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Химия-chemistry;
Химиялық-chemical;
Металл-metal;
Металдық жылтыр-metallicbrightness;
Жалпыхимиялық қасиеттер- physical general property
Түсті металдар - colour metals;
Қара металдар– black metals;
Сирекметалдар– uncommon metals;
Радиоактивті- radio-active;
Жеңіл – easily;
Ауыр – heavily;
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Графикалық диктант .
Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан
Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар
Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді
Мырыш қиын балқитын металл
Мырыш негіздік қасиет көрсетеді
Zn атомы ядросының құрамында 30р+, 35n0 бар
Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді
Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады
Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді
Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады
V__VVV__V__ __ __ V-жоқ, _-иа 0-3-«2», 4-6-«3», 7-9-«4», 9-10-«5»,
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс Мұғалім студенттерді топқа бөліп, мәтінді зейін қойып оқып шығуын айтады.
І-топ: d –элементтеріне жалпы сипаттама.Мырыш атом құрылысы, периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
ІІ –топ: Темір элементтерінің атом құрылысы, периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы табиғатта таралуы, қолданылуы
ІІІ – топ: Мыс элементтерінің атом құрылысы, периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
ІV – топ Хром элементтерінің атом құрылысы, периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы.
Есептер сыры Студенттердің алған білімдерін тақтадағы есептерді шығару арқылы бағалау
1-топ - Қанша грамм мыс 11,2л хлормен реакцияласады?(қ.ж)
2-топ - 9,2 г натрий сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі?
3-топ - ІІ- топ элементінің 19,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 6,72 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
4-топ- IV- топ элементінің 12,8 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
4.Жаңа сабақты бекіту.
а)Деңгейлік тапсырмалар бойынша есептер шығару
1 топ. Деңгейлік тапсырмалар
1. Реакцияны аяқтап, теңестір.
Fe (OH)3 → Fe 2O3 + ?
Fe+HCl →FeCl2+?
Fe+CuCl2 →FeCl2+?
Fe+H2O →FeO +? (1-2 БАЛЛ)
2.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды
жаз.
Fe →FeCI2→Fe (OH)2 →FeO ( 3 БАЛЛ)
3.Есеп:22,4 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 8,9 л сутек бөлінді. Теориялық мүмкіндікке қарағанда сутектің көлемдік үлесінің шығымын есептеңдер.. (4БАЛЛ)
2 топ. Деңгейлік тапсырмалар
1. Реакцияны аяқтап, теңестір.
Cr2O3 +Al → Al 2O3 + ?
Cr+Cl2 →
CrCl2+NaOH →Cr (OH)2+?
Cr (OH)3+ NaOH → NaCrO3 +? (1-2 БАЛЛ)
2.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды жаз.
Cr → CrCl3→Cr(OH)3 → Cr(NO3)3 ( 3 БАЛЛ)
3. Есеп:. Массасы 50 грамм хром (ІІІ) оксидін 35 г натрий гидроксидімен әрекеттестіргенде неше грамм натрий хромиті түзіледі. (4БАЛЛ)
3 топ. Деңгейлік тапсырмалар
1. Реакцияны аяқтап, теңестір.
Cu2S +O2→ Cu2O3 + ?
Cu+Cl2 →
CuSO4+Fe →Cu+?
Cu+ H2SO4 КОНЦ. → CuSO4 +SO2 + ? (1-2 БАЛЛ)
2.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды
жаз.
CuO → Cu→CrCl2 → Cu(O H)2 → CuSO4 ( 3 БАЛЛ)
3.Есеп: Массасы 40 гмыс пен мыс (ІІ) оксидінің қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда 6 грамм су түзілді. Қоспадағы әрбір компоненттің массалық үлесін анықтаңдар. (4БАЛЛ)
4 топ. Деңгейлік тапсырмалар
Реакцияны аяқтап, теңестір.
1. ZnS +O2 → ZnO + ?
2. Zn+Cl2 →
3. Zn+HCl →Cr ZnCl2 +?
4. Zn + NaOH → Na2ZnO2 +? (1-2 БАЛЛ)
2.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды жаз.
Zn → ZnSO4→Zn
ZnO → Zn(NO3)2 ( 3 БАЛЛ)
3.Есеп: Массасы 30 г мыс пен мырыш құймасын күкірт қышқылымен өңдеген. Бұл кезде 4,4 л қ.ж сутек бөлінді. Бұл құймадағы мырыштың массалық үлесін есептеңдер. (4БАЛЛ)
ә)Тест тапсырмасы
d – эелементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
а) оң в) теріс с) екі жақты
2. Cu2О қосылысында мыс қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
а) +3 в) +2 с) +1
3. Мыстың балқу температурасы
а) 10830С в) 13390С с) 15390С
4. Қай реакция жүрмейді?
а) Zn+НСІ→ в) Сu+НСІ→ с) Ғе+НСІ→
5. Мырыш алу үшін қолданылатын тотықсыздандырғыш
а) сутек в) көміртек с) көміртек оксиді
6. Мырыш гидроксиді әрекеттесуі мүмкін зат
а) О2 в) НСІ с) NаОН
7. Мыс хлориді ерітіндісінде анодта бөлінетін:
а) Cu в) СІ2 с) Н2
8. Ең қатты металл
а) алюминий в) мыс с) хром
9. Тұз қышқылымен әрекеттеседі:
а) темір в) сынап с) мыс
10. d - элементтерді табыңыз:
а) Na,Zn,K,Са в) Cu,Mg,AI,К с) Zn,Cu,Fe,Cr
Бағалау: Бағалау парақша бойынша студенттерді топ басшылары бағалайды
Сабақты қортындылау, рефлексия:
Студенттер стикер арқылы, кері байланыс жасайды
Нені қайталадық?, не білдік?, не істей аламыз?
Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар болды? Себеп?
Үйге тапсырма: §7.1 5-8 -жаттығу.
Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні | Графикалық диктант (1 балл) | Тест (5 балл) | Мәтінмен жұмыс (3 балл)
| Деңгейлік тапсырмалар (жоғарғы балл- 9) |
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
«5»- 18-16 балл
«4»-15-12 балл
«3»- 11-8 балл