Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру»

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет.

Содержимое разработки

Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру»

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ал келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын – мемлекеттің болашағы. Оған ешкімнің таласы жоқ. Олай болса, енді бір бес-он жылдан кейін шешуші мемлекеттік құрылымдардың тізгінін ұстайтын азаматтардың төл тарихы мен мәдениетін тұмардай қастерлеп, әдебиетін әспеттеуі бүгінгі тәрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан ұлттық сананың деңгейімен тығыз байланысты болмақ. Ал ақпарат тасқыны судай сапырылысқан мына жаһандану заманында қазақ жастарының ұлттық санасы қалай қалыптасып жатыр, қандай бағытқа бет алуда? Бұл бүгінгі күні санамызды өзге ұлттың, соның ішінде батыстың даңғаза музыкасы мен дарақы еңбектері аямай улап жатқан тұста ел басқарып отырған азаматтар мен зиялы қауымнан бастап, қарапайым әрбір азаматты ойландыруы  тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек» – деп Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды өзгерістер, тіпті ауқымды реформалар керектігіне баса назар аударды. Қасымжомарт Кемелұлы сөзінің өміршеңдігін алға тартып, Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  патриоттық, азаматтық, жоғары моральдық және  имандылық сезімін қалыптастыру, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы өз жұмысын жаңа оқу жылында бастап кетті.

Қай бір білім мекемесі болмасын, жаңа оқу жылының алдында өткенін тағы бір сараптап алып, алдағы кезеңге жоспар жасайды. Еліміздегі әрбір мемлекеттік мекемелер секілді біздің орталықта жаңа оқу жылы алдында өзінің 2023 – 2028 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын жасап, саралап, жаңа құжаттарға байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізуде. Осыған орай тәрбиелік әлеуеттің  тиімділігін арттыру бағытындағыорталықтың басымдықтарынайқындап алды.

Жаңа Қазақстанды құру құндылықтар бағдарын жаңартуды білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мызғымас сипатқа ие. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында патриотизм құндылықтарын дәріптеу жалпыұлттық басымдық ретінде белгіленген. Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағыт ретінде айқындалады. Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – аумақтық тұтастық, мемлекеттік тіл және береке-бірлігіміз – қазақстандық қоғамның дау тудырмас құндылықтары болып қала береді. Осыған орай, қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.  Бұл сөзімнің дәлелі – ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күндері елордамызда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинары деп ойлаймын. Яғни Қазақстандық білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілуде. Аталмыш семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен 60 тәрбие мамандары қатысып, өз кезегінде біздің өңірден 3 өкіл қатысушы болдық. Семинар барысында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Әділханұлы, Алтынсарин академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенқызы және өзге де тренерлер тәрбие бағдарламасының негізгі идеясы, құрылымы, индикатор, принциптерімен жан-жақты таныстыра отырып, алдағы оқу жылындағы негізгі жұмыс бағыттарын айқындап берді.

Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын – оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек.  Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуіміз– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы мен берері мол деп сенемін. Себебі ұлттық тəрбие қазіргі таңда  елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы деп ойлаймын. Семинар барысында бағдарлама мазмұнына сай жобалар, жоспар негізінде өз ой-пікірлерімізбен бөлісіп, ұсыныстар жасадық. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы ашық диалог алаңында жаңа оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарының маңыздылығын алға тартып, болашақ ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті сіңіру бағытында жауапты да нәтижелі межеге бірлесіп жетуге шақырды.  Біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталып өтетін болсам:

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі:

– оқу пәндерінің мазмұны;

– сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;

– сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Күнделікті сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылады. Мысалы, Қазақстан тарихын оқытуда еліміздің ұлттық мұрасы мен мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу немесе әдебиетті оқыту барысында шығармаларды талдау арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға басымдық беру, географияны оқыту барысында табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарау және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдану еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды екендігін дәріптеу ұсынылады.



Сохранить у себя:
Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру»

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки