ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР (ҮЛГІ)
Астана қ. № 5 «Арман» б/б Бірінші кіші топ
2017 жыл қазан айы
Өтпелі тақырып «МЕНІҢ ОТБАСЫМ»
Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету.
Міндеттері: Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа, ата-әже.
Апталық тақырып | «Денсаулық»-3 | Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет -0,5 | Таным- 2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану-1 | Шығармашылық- 3 Сурет салу-1, Мүсіндеу-0,25 аппликация-0,25, музыка – 1,5 | Әлеумет-0 |
Ескерту: оқу жүктемесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557бұйрығы) сәйкес көрсетілген | |||||
I-апта | Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Тепе-теңдікті сақтау жаттығуы. Кедергіден аттап өту. Ойын-жаттығу «Қонаққа барамыз». 2.Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. 3. 1 м арақашықтықтан отырып бір-біріне допты домалату («Бірге ойнайық») | Сөйлеуді дамыту Дидактикалық ойын «Отбасы мүшелерін атап бер».
| Сенсорика Дидактикалық ойын «Қуыршақ Сәуле қонақ күтуде»
Жаратылыстану Ересектермен бірлескен әрекет («Анамызға көмектесеміз») | Мүсіндеу Мүсіндеудің қарапайым тәсілдері («Дәмді бауырсақ») Сурет салу Заттарды бояулармен бейнелеу («Үйдегі шамды жақ») Музыка Ән тыңдау (музыкасы А.Танидікі, сөзі А. Есеновтікі «Тәй-тәй») Музыка Ән айтуды ойын әрекеттерімен сүйемелдеу. «Көңілді саусақтар» (Музыкасы Г.Абдрахмановтікі) | Жақын адамдары туралы түсініктерін қалыптастыру
|
II апта | Дене шынықтыру
3. Гимнастикалық орындықтың үстімен төрт тағандап жүру «Марғаулар мен балалар».
| Көркем әдебиет «Шұбар тауық» халық ертегісі желісі бойынша саусақ театрын көрсету
| Құрастыру Ірі құрылыс материалдарынан құрастыру «Үйшік» Жаратылыстану Суреттер қарастыру (суреттер, ойыншықтар, мультфильм кейіпкерлері және т.б.) «Достым» | Сурет салу Алақандарын бояуға батырып, қағазға басып суретін салу. «Біз қыдыруға барамыз» Музыка Музыкалық-ырғақтық қимыл. «Балалар қыдырып келді », музыкасы Я.Жабконікі |
|
III апта | Дене шынықтыру 1Допты лақтыру «Себетке допты лақтыр». 2. Еңіс тақтайдың үстімен төрт тағандап еңбектеу «Көпірдің үстімен еңбекте» 3.Допты бір-біріне домалату «Допты домалат»
| Көркем әдебиет «Шалқан» халық ертегісін оқып беру
| Құрастыру Ірі құрылыс материалдарымен жұмыс (кубик, цилиндр үш қырлы призма, кірпіш). «Гараж» Жаратылыстану «Бауырсақ» халық ертегісі желісі бойынша үстел үсті театрын көрсету. | Сурет салу Бояулармен сурет салу «Көше шамдары» Музыка Музыкалық шығарма тыңдау «Балалар мен жаңбыр » (музыкасы Г.Абдрахманованікі) Музыка Музыкалық- ырғақтық қимылдарды үйрету «Орамалдармен би» (музыкасы Т. Сарыбаевтікі)
|
Туғандарына сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. |
IY апта | Дене шынықтыру
2. Доғаның астымен еңбектеу «Қақпаға еңбектеп өту» 3.Допты доғаның астымен домалату «Түрлі түсті доптар» | Сөйлеуді дамыту Дидактикалық ойын «Қуыршақ Сәулеге киінуді үйрету»
| Сенсорика Дидактикалық ойын: «Жемістерді себеттерге сал» Жаратылыстану Дидактикалық ойын: «Бақшадағы көкөністер». | Сурет салу Саусақтармен сурет салу «Жаңбыр тамшылары» Музыка Ән айту. «Күзгі ән» (музыкасы М.Балящевтікі)
Аппликация Фланелеграфта жұмыс «Жемістерді себетке орналастыр» | Туғандары, ересектер және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру |