Есмакаева Гульмира Болатовна Павлодар қаласы 2014-2015 оқу жылы
І деңгей мұғалімі №21 ЖОМ «Кереку-21»
«7 модуль – заманауи әдіс түсінігін қалыптастыру» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексивті есеп №1
Коучинг тақырыбы: 7 модуль – заманауи әдіс түсінігін қалыптастыру.Коучингке мұғалімдерді қығықтыра алу үшін әртүрлі психологиялық ахуал тудырдым.
Психологиялық ахуал «Мен сізге жазамын...» Парақтың оң жақ төменгі бұрышына аты - жөнін жазды. Оң жақта отырған көршісіне берді. Көршісі жақсы сөз, тілек жазды. Тілек 1-2 сөзден ғана болды. Сағат тілімен жалғаса отырып, соңында өз қағазы қайтып келді де тілектерді оқыды. Техологиялық құралдары бар суреттер арқылы топқа бөлдім.
Бейне роликтен SMART технологияны көрсеттім. Бейне ролик арқылы тақырыпқа шығып, қатысушы мұғалімдерге Диалогтік оқыту туралы білім алды. Мұғалімдер коучингке кызыға қатысты. 7 модуль туралы ақпарат ала отырып, бұл әдісті сабақта қалай жүзеге асыруға болатынын айтты. Қатысушы мұғалімдер постерге 7 модуль туралы не білетіндіктерін салды да,
постерді ортаға спикер шығып қорғайды.
Талдау кезінде "Алты қалпақ" әдісі арқылы 1- топ "Сары калпақ"- әр модульдің тиімді тұстарын айтты. Кумулятивтік әңгіме. 2- топ "Қара қалпақ"- жағымсыз тұстарын айтты. Зерттеушілік әңгіме (нақты дәлелмен) 3- топ "Көк қалпақ"-сараптаушы әңгіме-дебат (келіседі келіспейді) 4-топ "Жасыл қалпақ"-шығармашылық (көрініс қойды). Бейне ролик арқылы мұғалімдер 7 модульді ұжымда қалай тарату керектігін. Отырған топтар "7 модульді қалай тарату керек?" моделін жасады. 7 модульді сабақта қолданамын таныстырылымы жасалды. Коучингте мұғалімдер бірін-бірі формативті бағалап отырды, смайлик, ишара арқылы. Кері байланыста мұғалімдер "Білім ағашына" алған білімі, түсінгені, сабақта қолданамын деген белгілерді көрсетті. Мынадай ұсыныстар айтты: 7 модульді сабақ беруде қалай жүйелі ұтымды қолдануға болатынын көрсетіп, үйретсеңіз деп жазыпты.
Дегенмен мұғалімдердің арасында осы коучинг арқылы сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияның білімнің технологиялық аспектісін жүзеге асыруды қолдағандары да бар. Олар пәндік білімдері бар енді сол пәндік білімді технологиялық біліммен ұштастыра отырып, ХХІ ғасыр оқушыларына барлық мүмкіншіліктерін жүйелі қолдануды ұйғарды.
Келген мұғалімдер пікірлері мұндай коучингтердің тек қана пайдалы екендігін білдіреді. Коучингтерімді ұйымдастырып, өткізу барысында атап айтатындай кедергі болған жоқ.
Келешекте мен осындай коучингтерді пән ерекшеліктеріне қарай өткізуді ойлап жүрмін. Мысалы тіл сабақтары пән мұғалімдеріне бөлек, немесе тек өзім сабақ беретін ағылшын тілі мамандарына ғана өткізсем оларға өз сабақтарында стратегиялар мен заманауи тәсілдерді қалай пайдалану керектігі әлдеқайда көбірек түсінікті болар деп болжаймын. Сонымен бірге, қазірдің өзінде қандай тақырыптағы коучингтерді бірінші кезекте өткізетінімді де ойластырып жүрмін. Коучингтер әріптестерді кәсіби дамытумен қатар ұжымда жайлы климат тудыруға да ықпал етеді.
Сабақ жоспарға сай өтті, мақсатына жетті деп ойлаймын. Осы тақырыпта тағы да іс шаралар өткізу керектігін анықтадық.
1