2 санына көбейту және бөлу кестесі Таза ауада ойнайтын ойындар

Составить учащимисия таблийу деленияи на 2; развивать умение учащихся решать задачи умнажением и делением, а также навыки счета мышление учеников

Содержимое разработки

Бекітемін:

Пән: математика

Мектеп: 171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп

Сынып: 2-сынып Б

Мұғалімнің аты-жөні: Файзуллаева Фарида Бекеновна

Күні:28.01.2020ж

Қатысқандар:23/13

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

2 санына көбейту және бөлу кестесі

Таза ауада ойнайтын ойындар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.


Бөлім

1.Сандар және өлшемдер

Бөлімше

1.2.Сандар мен амалдарды орындау

Ортақ тақырып

Дені саудың жаны сау

Сабақ мақсаты

SMART

2-ге көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіреді, көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдар таңдауды түсінеді.

Бағалау

критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

  • 2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады.

  • амалдардың орындалу ретін айтады;

  • көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыра алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды дұрыс таңдауды іске асыра алады.

  • Kөбейтуді бөлумен тексереді.

Кейбір оқушылар:

  • көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығара алады.

  • Берілген есептерге байланысты кері есептер құрастырады;

  • Тақырып бойынша өмірмен байланыстыра отырып, қосымша мәліметтер айтады, дәлелдейді.

Сөздік қор


Көбейту, бөлу, 2-ге көбейту жəне бөлу кестесі.

Құндылықтарды дарыту


Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын сақтай отырып, білімді, ізденімпаз тұлға дайындау.

Пәнаралық байланыстар

АКТ, дене шынықтыру,дүниетану,

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

АКТ қолдану дағдысын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту кестесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Бастапқы әрекет.

Балалар, көңіл-күйіміз қалай?

Керемет!

Сабаққа зейін қойып тыңдауымыз ше?

Та-ма-ша!

Сабақты бастаймыз ба?

Ия!

Онда сабағымызды бастайық.

«Дельфи» әдісі

  • Оқушылардан таза ауада ойналатын қандай ойындарды білетіні туралы сұрау. Кім атап жібереді? ("Секіртпе", "Футбол", "Орта доп","Алтыбақан", "Асық ойыны", "Самакат" ,"Волейбол", "Велосипед", "Ракетка", "Скейтборд" т.б )

  • Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда осы ойындардың кейбір түрлерімен жақынырақ танысып көрелік.

Ширату

Топқа бөлу: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды

кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға (топтарға) бөлініп

отырады.





«Керемет» дегенде қол шапалақтайды.

«Тамаша» дегенде қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді










Сабақ ортасы

4-11 мин






























12-36 мин

«Сұрақ қою және талқылау» әдісі

Өзара байланысты өрнектер төрттігін құрастыруды сұраңыз. Көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері мен нəтижелерінің барлық байланыстарын дауыстап айтыңыз.

Проблемалық жағдаят

  • Əр алақанда неше асықтан бар?

  • Барлығы қанша асық бар?

  • Əр сан нені көрсетеді? Ол қалай аталады? Бірдей қосылғыштарды қосуды жүргізе отырып көбейтуді орындаған ыңғайлы ма?

  • Жылдам санау əдісі бар ма?

  • Көбейту мен оған сəйкес бөлу жағдайларының кестесін құрастыру керек.











Дескриптор:

  • 2 санына байланысты көбейту және бөлу кестесін түсіндіру.

  • Көбейтуге есептер құрастыру;

ҚБ: топтық бағалау «Бағдаршам»

«Әткеншек» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасайды.


1-топ:№3 1-баған

2-топ:№3 2-баған

3-топ: №3 3-баған

Дескриптор:

  • Санау материалдарын пайдалана отырып, есептеуді орындайды, салыстырып береді.

  • көбейтуді қосылғыштардың қосындысымен алмастырады;

  • көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстырады, қорытынды жасайды.

ҚБ: «Жақсы» «Керемет» «Жарайсыңдар!»


«Қарқын » тәсілі

( оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, төмендегі тапсырманы орындатамын).

4 - тапсырма. Жеке жұмыс

Теңдік тура болу үшін, бос орындарға қандай бір таңбалы сандарды жазуға болады?

57 + ... + ... = 69

98 - ... - ... = 84

64 - ... + ... = 57

Дескриптор:

- бос орынға керекті бір таңбалы санды қояды.

- тура теңдікті анықтады.

ҚБ: "Жетістік баспалдағы"


«Сұрақтар ілмегі» әдісі

Әртүрлі ойындардың суреттері бейнеленген қима қағаз арқылы сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа сәйкесінше ойын суреті беріліп, қалай ойналатыны түсіндіріледі.

Сұрақтар:

1-топ «Аяқдоп»

  • Көбейту амалының компоненттерін ата.

2-топ «Ақ серек, көк серек»

  • Бөлу амалының компоненттерін ата?

3- топ «Скейтборд»

  • . *2 = 20 Қай компонент белгісіз?

Дескриптор:

  • Көбейту және бөлу амалдарының компоненттерін атайды.

  • Белгісіз компоненттерді табады, түсіндіреді.

ҚБ: «Оқу күнделігі»

5 Топпен жұмыс.

Есептерді шығар , кері есептер құрастырып, оларды шығар

А деңгейі

14 асықты әр ойыншыға 2-ден таратып берді. Неше ойыншы асық алды?


Болды – 14а.

Таратты – әрқ.2-ден - ? ойыншы

Шешуі: 14:2=7 (о)

Жауабы: 7 ойыншы асық алды.


Б деңгейі

Ойынға әрқайсысында 6 баладан 2 команда қатысты.Ойынға неше бала қатысты?

Әр қ.6 баладан 2 к.

Қатысты - ?б.

Шешуі:6∙2=12 (б)

Жауабы:Ойынға 12 бала қатысты.


С деңгейі

Кері есептер құрастыр


Дескриптор:

  • Есептердің шартын құрады, шығарады;

  • Екі, үш амалды өрнектер құрастырады;

  • Кері есептер құрастырады, шығарады;

ҚБ: Топтық бағалау «Бутерброд»









































































































Сабақтың соңы

4 мин


Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі




Рефлексия

«Түймедақ гүлі» тәсілі

Гүл жапырақтарында сабақты түсіну деңгейіне байланысты сөздер жазылған.Әрбір оқушы өзі таңдаған жапыраққа көбелектерді қондырады.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың мақсатын оқушылардың қажеттілігіне сәйкес жобасын жоспарлап отырмын. Әр түрлі әдістерді қолдана отырып тапсырмаларды түрлендіріп сараладым. «Спираль» тәсілі арқылы жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сараланды. Топ құрамында әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірігіп жұмыс жасайды және қарқынды жұмыс атқаратын оқушылар басқаларға көмек көрсетеді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Дельфи», «Сұрақ қою және талқылау» әдісі, «Әткеншек», «Қарқын» тәсілі, «Сұрақтар ілмегі», «Түймедақ гүлі», «Бес саусақ» әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырамын.

Белсенділік танытқан оқушыларға қолдау көрсетемін, мадақтаймын.

«Сұрақ қою және талқылау» әдісімен 2-тапсырма б/ша жұмыс жасағанда өзара байланысты өрнектер төрттігін құрастыру сұралады. Көбейту жəне бөлу амалдарының компо ненттері мен нəтижелерінің барлық байланыстарын дауыстап айтады. ҚБ: топтық бағалау «Бағдаршам»

3-тапсырма «Әткеншек» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасайды.

ҚБ: «Жақсы» «Керемет» «Жарайсыңдар!» арқылы бағаланады.

4-тапсырма «Қарқын » тәсілі арқылы оқушының жеке жұмысы жасалынады, Бағалау жеке тапсырмаларды орындаудағы кері байланысы, мұғалімнің қолдауы арқылы, ҚБ: "Жетістік баспалдағы" қолданылды.

«Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы таза ауада ойналатын ойындарды анықталады. ҚБ: "Оқу күнделігі"

5-тапсырма «Топпен жұмыс» бойынша, әр топ жұмысын «Бутерброд» әдісі арқылы толық жауаптар мен толық емес жауаптарды бағалайды. Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді.

Сабақ барысында әртүрлі қимылдарды жасағанда сақтықпен қимылдау.


Курска дейін түсінбедім






Курс барысында түсіндім






Келешекте қол жеткіземін


Ықшамсабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы:

Осы курсқа келгенде жаңартылған білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін нақтылай алмадым. ҚМЖ жазуда тақырыпқа байланысты жүзеге асатын оқу мақсатын таңдауда және SMART мақсатты қоюда, мақсатқа, берілген тапсырмаларға байланысты бағалау критерийлерін қоюда, әрбір тапсырмаларға дескрипторлар жазу кезінде маған аздаған қиындықтар туындағандай болды.Себебі бұрынғы ҚМЖ-да ортақ тақырып пен жеке бөлімдер, бөлімшелер жоқ еді. Бұл қиындықтарды жеңуіме және маған осы уақытқа дейін түсініксіз болған кейбір жайттардың шешімін табуда тренерім Камшат Қыдырбекқызы мен әріптестерімнің көмегі тиді.

Жаңа бағдарлама бойынша жоспар құру жолдарын талдап, кері байланыс беріліп, критериалды бағалау, дескриптор құрудың жүйелі түрін түсіндім. Осы бағдарламаны  меңгере келе оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,сабақтарымды түрлендіруді және әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасап,жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатыныма сенімім арта түсті.


Сохранить у себя:
2 санына көбейту және бөлу кестесі Таза ауада ойнайтын ойындар

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки